Институционалдық Зерттеулер және Талдау

Институционалдық зерттеулер бойынша ай сайынғы жұма фактісі (IR-MFF)

The Institutional Monthly-Friday Fact (IR-MFF) - дәлелдерге негізделген шешім қабылдау мәдениетін, академиялық және/немесе стратегиялық маңызы бар тақырыптар/мәселелер бойынша институционалдық хабардарлықты арттыру мақсатында шығарылатын ай сайынғы басылым.

IR-MFF - НУ ИЗТ жүргізген  зерттеу және талдау жобаларының сауалнама деректерін және/немесе институционалдық жазбаларын пайдалана отырып жазылған, 300 сөзден аспайтын түйіндеме. IR-MFF әдетте әр айдың соңғы жұмасында (тамыз-қараша және қаңтар-сәуір) жарияланады.

Біз Университеттің қоғамдық мүшелерін ай сайынғы мәселені департамент, мектеп, комитет/кеңес немесе тіпті студенттер арасында курс деңгейінде талқылауға, тәжірибелері мен ұсыныстармен бөлісуге шақырамыз.