Аккредиттеу

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ АККРЕДИТТЕУ

NU жоғары академиялық стандарттарға қол жеткізуге тырысады және өзінің бағдарламаларын беделі ең жоғары ұйымдардан аккредиттеуден өтуге басымдық береді.

NU Мектептері мен бағдарламаларының аккредиттеу мәртебесі туралы көбірек білу үшін төмендегі түймелерді басыңыз.

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

Мемлекеттік басқаруды аккредиттеу жөніндегі Еуропалық қауымдастық (EAPAA) 2026 жылы Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің «Мемлекеттік саясат саласындағы философия докторы» бағдарламасын аккредиттеді, сондай-ақ бұл мәртебеге алғаш рет 2019 жылы ие болған «Мемлекеттік басқару магистрі» (MPA) және «Мемлекеттік саясат магистрі» (MPP) магистрлік бағдарламаларының аккредиттелуін растады. 

NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы магистрлік бағдарламалары 2023 жылы Network of Schools of Public Policy, Affairs, and Administration (NASPAA)  аккредиттеуінен сәтті өтті.

Дайындық мектебі
Дайындық мектебінің «Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі» бағдарламасы 2020 жылы Академиялық мақсаттарға арналған британдық ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығы (BALEAP) аккредиттеуінен өтті. NU - ТМД елдеріндегі BALEAP аккредиттеуін алған алғашқы университет.

Ағымдағы жағдайы: Мектеп BALEAP қайта аккредиттеуден өту өтінімін дайындауда.

Жоғары бизнес мектебі

Бұған дейін аккредиттеуден өткен Жоғары Бизнес Мектебі Full-Time MBA және Executive MBA бағдарламалары 2026 жылы Association of MBAs (AMBA) және Business Graduates Association (BGA) тарапынан аккредиттелуін растады. 

Ағымдағы жағдайы: Қазіргі уақытта Мектеп Association to Advance Collegiate Schools of Business (AACSB) ұйымының аккредиттеуінен өтуде.

AACSB және AMBA бизнес-білім беру саласындағы үш негізгі әлемдік аккредиттеу агенттіктерінің екеуі болып табылады (т.н. “triple crown”).

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект мектебі, Медицина Мектебі және Инженерия мектебі

Жеті бағдарлама Accreditation Board for Engineering and Technology (ABET) тарапынан аккредиттеуден өтті:

ABET ұйымының Инженерия бағдарламаларын аккредиттеу комиссиясы (EAC) тарапынан Комиссияның жалпы критерийлері мен білім беру бағдарламаларына қойылатын белгіленген критерийлерге сәйкес мына бағдарламалар аккредиттелді:

  • Электротехника және компьютерлік инженерия саласындағы инженерия бакалавры;
  • Мұнай-газ ісі саласындағы ғылым бакалавры;

ABET ұйымының Есептеу техникасы саласындағы бағдарламаларды аккредиттеу комиссиясы (CAC) тарапынан Комиссияның жалпы критерийлері мен білім беру бағдарламаларына қойылатын критерийлерге сәйкес мына бағдарлама аккредиттелді:

  • Компьютерлік ғылымдар бакалавры;

ABET ұйымының Қолданбалы және жаратылыстану ғылымдары бағдарламаларын аккредиттеу комиссиясы (ANSAC) тарапынан Комиссияның жалпы критерийлеріне сәйкес мына бағдарламалар аккредиттелді:

  • Химия саласындағы ғылым бакалавры;
  • Физика саласындағы ғылым бакалавры;
  • Математика саласындағы ғылым бакалавры;
  • Биология саласындағы ғылым бакалавры.

Аккредиттелген білім беру бағдарламалары туралы толығырақ ақпарат алу үшін осы системе бойынша өтіңіз.

Келесі бағдарламалар ABET аккредиттеуіне дайындық кезеңінде:

  • Химиялық инженерия және материалдар технологиясы саласындағы инженерия бакалавры; Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласындағы инженерия бакалавры; Құрылыс және экологиялық инженерия саласындағы инженерия бакалавры; Тау-кен және минералдар инженериясы бойынша ғылым бакалавры және Геология саласындағы бакалавры (ИМ);
  • Робототехника саласындағы бакалавр (КҒЖИМ).
Медицина мектебі

Медицина мектебі  Еуразиялық Жоғары білім беру және денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету агенттігінен (ECAQA)«Медицина ғылымдарының докторы» (MD) бағдарламасы бойынша толық халықаралық аккредитацияны алды.

2025 ж. желтоқсан айында «Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі» (MPH) бағдарламасы Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы білім беруді аккредиттеу агенттігі (APHEA) тарапынан алты жыл мерзімге аккредиттелді, бұл оның қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы білім беру бойынша халықаралық деңгейде мойындалған стандарттарға сәйкестігін растайды (сертификат).

Жоғары білім беру мектебі

2026 жылдың қаңтарында Жоғары білім беру мектебінің үш бағдарламасы:

  • Көптілді білім беру магистрі;
  • Білім беруді басқару магистрі;
  • Білім беру саласындағы философия докторы.

Халықаралық бағдарлама аккредитациясын (IPA) Quality Assurance Agency for Higher Education (QAA) агенттігінен алды. QAA Ұлыбританиядағы жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз орган және сапаны қамтамасыз ету саласындағы әлемдік сарапшылардың бірі. 

Университет жалпы жұртшылықты мамандандырылған аккредиттеу процесінің негізгі кезеңдерінің аяқталғаны туралы хабардар етеді.