Институционалдық Зерттеулер және Талдау

ИЗТ Форумы & семинарлары

ИЗТ екінші миссиясы НУ-да нақты мәліметтерді пайдалану мәдениетін қалыптастыру  және Қазақстанда институционалдық зерттеулердің практикалық тәсілдерін ілгерілету үшін білім беру мен кәсіби дайындықты қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстанда институционалдық зерттеулер практикасын насихаттау және Қазақстандағы жоғары білім туралы жаңа білімді қалыптастыруға үлес қосу үшін ИЗТ тобы үнемі семинарлар, тренингтер өткізеді, сонымен қатар бірінші форумды ұйымдастырады.

 

Институционалды зерттеулер Форумы
Институционалды зерттеулер семинарлары
Институционалдық Зерттеулер бойынша бірінші Форум, 2019
Қазан 10-11, 2019,Назарбаев Университеті, Нұр-Сұлтан   Назарбаев Университеті «КИМЭП Университеті» АҚ-мен ынтымақтастықта «Институционалдық зерттеулер: академиялық сапаны қолдау, жоғары білім беруде жоспарлау және шешімдер қабылдау үшін деректерді пайдалану» тақырыбында Институционалдық зерттеулер бойынша бірінші Форумды өткізді.

Форумда Қазақстандағы жоғары білім беру саласындағы деректерді жинау мен талдаудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ алынған мәліметтердің негізінде жоғары оқу орындарында тиімді шешім қабылдауға ықпал етудің ықтимал жолдары талқыланды.

Форум туралы толық ақпаратты мына сайттан таба аласыздар.

ИЗТ семинарлары басқа қазақстандық университеттердің қызметкерлерін Институционалдық зерттеулер практикасына қажетті білім мен дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл іс-шаралар Қазақстанның түрлі академиялық институттарының өкілдеріне арналған немесе кейде белгілі бір академиялық мекеменің қызметкерлеріне бағытталған.
Болашақ Семинарлар

Өткен семинарлар
  • Институционалдық зерттеулер мен талдаудың стратегиялары мен тәсілдері , 7 сәуір 2021 ж., Ы.Алтынсари атындағы Арқалық Педагогикалық институтының профессор-оқытушылар және әкімшілік құрамы үшін әлеуетті арттыру бойынша Вебинар, Арқалық қ.
  • Институционалдық зерттеулер мен талдаудың стратегиялары мен тәсілдері , 13 қазан 2020 ж., Есенов университетінің профессор-оқытушылар және әкімшілік құрамы үшін әлеуетті арттыру бойынша Вебинар, Ақтау қ.
  • Институционалдық зерттеулер және оның академиялық институттардағы рөлі, 19 сәуір 2019, Түркістан қ., (Халықаралық Қазақ Түрік Университеті)
  • Институционалдық зерттеулер және деректерді визуализациялау: Теория және практика, 19 қазан  2018, Астана қ. (Назарбаев Университеті)
  • Институционалдық зерттеулер және деректерді визуализациялау: Теория және практик, 12 қазан 2018, Алматы қ. (КИМЭП Университеті)
  • Институционалдық зерттеулер және оның академиялық институттардағы рөлі, 20 қазан 2017, Алматы (КИМЭП Университеті)
  • Институционалдық зерттеулер және оның академиялық институттардағы рөлі, 13 қазан 2017, Астана (Назарбаев Университет)
  • Институционалдық зерттеулер және оның академиялық институттардағы рөлі, 08 қазан 2016, Алматы
  • (КИМЭП Университеті)
  • Институционалдық зерттеулер және оның академиялық институттардағы рөлі, 3 қазан 2016, Астана (Назарбаев Университет)