ЖЫЛ САЙЫНҒЫ МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ МЕРЗІМДІ ШОЛУ

"Оқу орындары қойылған мақсаттарға қол жеткізуді және студенттер мен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес келуді қамтамасыз ету үшін бағдарламаларға мониторинг және мерзімді шолу жүргізуі тиіс. Осы шолудың нәтижелері бағдарламалардың үнемі жақсаруына әкелуі керек..." (ESG, Стандарт 1.9)
Жыл сайынғы мониторингі және мерзімді шолуы - бұл ESG стандарттарына сәйкес келетін және ағдарламалардың жыл сайынғы мониторингін және академиялық процестерге мерзімді шолу жүргізу қағидаларымен реттелетін сапаны жақсартудың негізгі процестері. Бұл процестер студенттерге үздік білім беру тәжірибесін қамтамасыз ету мақсатында деректерді талдауға бағытталған.
НУ академиялық қоғамдастығына курсты / бағдарламаны одан әрі жетілдіру мүмкіндіктерін анықтауға ғана емес, сонымен қатар кең тарату үшін оқытушылық тәжірибенің негізгі жетістіктерін анықтауға назар аудару ұсынылады.
Үздіксіз бола отырып, бұл үдеріс алдыңғы циклде анықталған мәселелерге жауап ретінде қабылданған іс-әрекеттердің тиімділігін бақылауға ықпал етеді. Бұл уақтылы шаралар қабылдауға және олардың әсерін бақылауға көмектеседі.
Жыл сайынғы мониторинг есептері барлық мүдделі тараптарға, соның ішінде студенттерге, мектептердің немесе кафедралардың веб-сайттары арқылы немесе кері байланыс циклін жабуды қамтамасыз ететін басқа да байланыс құралдары арқылы қолжетімді болуы тиіс.
Осы рефлексия үрдісінде оқытушыларды қолдауға арналған үлгілер төменде келтірілген. Таңдалған рәсімдер мен нысандар тек Университеттің мүдделі тараптары үшін қолжетімді екенін ескеріңіз.
Жыл сайынғы курс мониторингі бойынша есеп нысанын жүктеп алыңыз.
Бағдарламаның жыл сайынғы мониторингі бойынша есеп нысанын жүктеп алыңыз.
Мектептің жыл сайынғы мониторингі бойынша есеп нысанын жүктеп алыңыз.
Осы жылға арналған бақылау үдерісінің кестесін ұстаныңыз.
Университеттің сапасын арттыру жоспары (САЖ) жыл сайынғы мониторинг үдерісінің іргетасы болып табылады. Ол барлық институционалдық деңгейлердегі мазмұнды талқылауларға негізделген және әр түрлі деректерді мұқият талдауға негізделген мектептердің сапасын жақсарту туралы жыл сайынғы есептерден тұрады.
Жоспар сапаны арттырудың негізгі бағыттарын анықтайды және университетте одан әрі тарату үшін оқыту мен бағалаудың үздік моделінің мысалдарын анықтайды.
Жоспар оқытушылар, студенттер және қызметкерлердің үздіксіз сапаны арттыру мәдениетін қалыптастырудағы ынтымақтастығына ықпал ететін орта құруға бағытталған.
НУ сапасын арттыру жоспарлары
Сапаны арттырудың қолданыстағы жоспары сапаны арттырудың мынадай бағыттарын айқындайды:
- 1-cала. Бағалау тәжірибесін жетілдіруді қолдау – НУ сапаны арттыру тақырыбы;
- 2-сала. Оқыту мен білім беру инфрақұрылымын жетілдіру;
- 3-сала. Бағдарлама сапасын арттыруды қолдау мақсатында мүдделі тараптардың қатысуын күшейту.
Қосымша ақпарат алу үшін жоспармен танысыңыз.
2026–2027 жылдарға арналған Жоспар келесі жетілдіру бағыттарын айқындайды:
- 1-cала. Жасанды интеллектіні оқыту мен білім беру үдерісіне интеграциялау – НУ сапаны арттыру тақырыбы;
- 2-сала. Ішкі кәсіби даму арқылы оқыту сапасын арттыру;
- 3-сала. Академиялық табысты қамтамасыз ету үшін студенттерді қолдау тетіктерін күшейту.
Қосымша ақпарат алу үшін жоспармен танысыңыз.
Жыл сайын Назарбаев Университеттің академиялық қауымдастығы белгілі бір педагогикалық/бағалау тәсіліне назар аударатын және білім беруді жүзеге асыру мен студенттердің оқу нәтижелерінің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған НУ сапаны арттыру тақырыбын іске асыруға ынталандырылады.
НУ сапаны арттыру тақырыбы (2026 -2027 жылдары іске асыру үшін. 2027 жылы есеп беру)
Оқыту мен білім беру үдерісіне жасанды интеллектіні интеграциялау
Назарбаев Университет жасанды интеллектіні (ЖИ) білім беру үдерісіне енгізуді ілгерілетуге, сондай-ақ академиялық қауымдастықтың цифрлық және ЖИ сауаттылығын арттыруға бағытталған. Мектептер студенттердің жасанды интеллект технологияларын сыни тұрғыдан, жауапкершілікпен және тиімді пайдалануына қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында ЖИ-ге қатысты құзыреттерді өздерінің білім беру бағдарламаларына енгізуі тиіс.
Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – қолданыстағы оқу курстарына талдау жүргізіп, ЖИ-ді табиғи түрде интеграциялау («AI-Natural») мүмкіндіктерін анықтау, яғни жасанды интеллектіні пән мазмұнымен және оқу нәтижелерімен мазмұнды түрде ұштастыруға болатын бағыттарды айқындау. Бұл деректер этикасы, промпт-инжиниринг және жасанды интеллектіні қолдану тәжірибесі сияқты тақырыптарды қамтуы мүмкін.
Сонымен қатар, бакалавриаттың жаңартылған Жалпы білім беру компоненті (Undergraduate Common Core Curriculum) аясында AI, Data & Digital Literacy for a Changing World («Өзгермелі әлемдегі жасанды интеллект, деректер және цифрлық сауаттылық») курсын әзірлеу студенттердің цифрлық және ЖИ саласындағы құзыреттерін нығайтып, оларға жаңа технологиялардың даму үдерістерін түсіну және оларды меңгеру үшін қажетті білім береді.
Аталған бастамалар студенттердің жасанды интеллектіні қолдану саласындағы сенімділігі мен құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ ЖИ кеңінен қолданылатын әлемнің өзгермелі талаптарына бейімделуіне ықпал етеді.
Мерзімді шолу әр мектепке белгілі бір уақыт аралығында бағдарламаларға енгізілген өзгерістердің әсерін бағалауды ұсынады. Әр мектеп бес жылдық негізде мерзімді шолудан өтеді (бұл мектептің аккредиттеу кестесіне байланысты өзгеруі мүмкін).
Мерзімді шолу оқу мен оқытудың сапасын және олардың НУ-дың халықаралық практикалары мен стандарттары және саясаттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған (НУ-дың академиялық сапа тұжырымдамасына және ESG стандарттарына сәйкес). Мерзімді шолу сыртқы және ішкі стейкхолдерлердің сыни бағалауына, студенттердің өзін-өзі тексеру мен кері байланысына негізделген және жыл сайынғы бағдарлама мониторингінің нәтижелері бойынша жүргізілген бағдарлама модификацияларының жинақтаушы әсерін бағалайды.
Бұл студенттердің бағдарлама бойынша жоспарланған оқу нәтижелеріне және НУ түлегінің атрибуттарына қаншалықты қол жеткізгенін бақылауға мүмкіндік беретін пайдалы процесс. Сонымен қатар, мерзімді шолу студенттердің оқудағы ғылыми-интеграцияланған тәсілді зерттеуге және қолдануға қатысу дәрежесін, ОПҚ, кітапхана, IT және басқа ресурстардың жеткіліктілігін, оның ішінде студенттерге қолдау көрсетуге, қолайлы білім беру ортасын құруға және жоғары сапалы академиялық бағдарламаларды ұсынуға бағытталған ресурстарды бағалайды. Мерзімді шолу туралы толығырақ ақпарат алу үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз.
Академиялық процестерді мерзімді шолу жүргізу циклін алғаш болып 2025 жылдың сәуірінде Жоғары білім беру мектебі (ЖББМ) аяқтады. 2026 жылдың мамырында ЖББМ Академиялық кеңеске Кезеңдік шолу Мерзімді шолу жөніндегі институционалдық кеңестің ұсынымдарын іске асыру барысы көрсетілген есепті ұсынды.
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (ЖӘҒМ) Өзін-өзі бағалау есебін ұсынып, Кезеңдік шолу жөніндегі институционалдық кеңесті үш күндік сапармен қабылдады. Кезеңдік шолудың екінші циклінің қорытындысы бойынша 2026 жылдың тамыз айында Академиялық кеңес Мерзімді шолу жөніндегі институционалдық кеңестің есебін, ЖӘҒМ жоспарын және Мерзімді шолу жөніндегі институционалдық кеңес есебіне жауапты бекітті.

