Білім беру және оқыту

КӘСІБИ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Біз Назарбаев Университетінде педагогикалық практиканы жақсарту үшін кәсіби даму мүмкіндіктері, әдістемелік нұсқаулар мен ресурстар арқылы институционалды қолдау көрсетеміз.

Барлық Мектептердегі оқытудың үздік және тұрақты сапасы біздің мекеменің басым бағыты болып табылады. Біз Advance HE (бұрынғы Ұлыбританияның жоғары білім академиясымен) және Epigeum-мен маңызды серіктестікті дамыта отырып, университеттің оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыру саласындағы халықаралық үздік тәжірибені енгіздік.

Біз жаңадан бастап жүрген оқытушыларға, қалыптасқан оқытушылар құрамына және академиялық көшбасшылыққа кәсіби даму жолдарын ұсынамыз.

Кәсіби даму мүмкіндіктерін осы жерден қараңыз.