Институционалдық Зерттеулер және Талдау

САУАЛНАМАЛАР

Сауалнамалар Институционалдық зерттеулер мен талдаулар бөлім іс-шараларының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. ИЗТ әр түрлі жылдық/ тұрақты сауалнамалар, сондай-ақ  арнайы сауалнамалар жүргізеді.

Сонымен қатар, ИЗТ Университетте жүргізілетін әкімшілік сауалнамарды реттеуге жауап береді. Бұл вэб-парақшада әкімшілік сауалнаманы жүргізу нұсқаулары, ағымдағы және жоспарлы сауалнамалар туралы ақпарат және сауалнаманы жобалауға көмектесетін материалдар бар.

 

Ескерту: ИЗТ есептері және басқа материалдары тек ағылшын тілінде жарияланады, сондықтан сайттағы материалдар тек бір тілде қол жетімді болады. Сондай-ақ, кейбір материалдар ішкі пайдалануға арналғандықтан ішкі порталда авторизацияны қажет етеді.

Тұрақты сауалнамалар
Арнайы сауалнамалар
Сауалнамаға өтінім тапсыру
Сауалнама күнтізбесі және мерзімдері
Сауалнамаларды жобалауға арналған материалдар
Fall 2020 Remote Learning Survey
Қашықтықтан оқу туралы сауалнама 2020 жылдың күзінде Назарбаев Университеті барлық студенттер арасында толығымен онлайн оқуға көшкен кезде өткізілді. Сауалнама студенттердің академиялық және академиялық емес тәжірибелері, олардың кампус өміріне қатысуы, технологияларға қол жетімділігі, ақпараттық қолдау, үй ортасы және онлайн оқудың басқа аспектілері туралы білуге бағытталды.
Сауалнама нәтижелері
 
Survey on Computer and Internet Access at Home
Үйдегі компьютер мен интернетке қол жетімділік туралы сауалнама 2020 жылдың наурызында студенттердің онлайн-білім алуға көшу жағдайлары мен дайындығы туралы ақпарат жинау үшін өткізілді.
Сауалнама нәтижелері

Осы вебсайтта (ie.nu.edu.kz) ұсынылған статистикалық деректерді халықаралық зерттеу университеті тұрғысында және НУ-дың стратегиялық мақсаттарына сәйкес қарастырған жөн. Бұл деректерді басылымдарда қолданған кезде ақпараттың бастапқы дереккөзін көрсету қажет.Егер сізде сұрақтар туындаса, сіз институционалдық зерттеу және талдау тобына ir@nu.edu.kz электрондық пошта бойынша хабарласа аласыз.

ИЗТ НУ -да әкімшілік сауалнамалардың жүргізілуін үйлестіруге және бақылауға жауапты болып табылады (2021 ж. 13 шілдеде Басқару кеңесі бекіткен «Әкімшілік сұхбат туралы ережеге» сәйкес). Негізгі мақсат әкімшілік сауалнамалардың сапа стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге және НУ қоғамдастығына көптеген сауалнамалармен ауыртпалық салуға жол бермеуге бағытталған.

Әкімшілік сауалнама – негізгі мақсаты сапаны бақылау, әкімшілік бағалау, институционалдық қажеттіліктерді немесе бағдарламаны бағалау үшін деректер жинау болып табылатын сауалнама.

Егер сіз әкімшілік сауалнама жүргізуді жоспарласаңыз, осы беттегі ақпаратты және НУ -дегі әкімшілік сауалнамалары туралы регламентті мұқият оқып шығыңыз (НУ қызметкерлеріне қол жетімді). Сауалнаманы жүргізер үшін сіздің сауалнамаңыз қарастыру және мақұлдану процесінен өтуі қажет болуы мүмкін.

 

Әкімшілік сауалнама жүргізу

Сауалнаманы қарау мен мақұлдауға жіберу үшін:

  1. Сіздің сауалнамаңыз мақұлдауды қажет ететінін анықтау үшін және сауалнама қарау процесі, уақыт кестесі мен критерийлері туралы білу үшін бұл беттегі ақпаратпен танысыңыз.
  2. Сауалнама өтінімдердін берудің соңғы мерзімі туралы білу және сауалнаманы өткізуге қолайлы күндерді таңдау үшін «Сауалнама күнтізбесі және мерзімдері» бөлімін тексеріңіз.
  3. Сауалнамаға өтінімді жүктеп, толтырыңыз.
  4. Сауалнаманы дайындыңыз. Сауалнаманы дайындауға көмектесетін материалдарды «Сауалнаманы жобалауға арналған ресурстар» бөлімінен таба аласыз. Назар аударыңыз, сапалы сауалнама дайындауға сіз ғана жауаптысыз. Сауалнама Microsoft Word құжатының форматында болуы керек, әр сұраққа нақты нұсқаулар мен жауаптар болуы тиіс.
  5. Сауалнама өтінімі, сауалнаманың өзі және кез келген басқа ақпаратты ir@nu.edu.kz электронды поштасына «SURVEY PROPOSAL» тақырыбымен жіберіңіз.

Назар аударыңыз, сауалнамалардың қаралуы, мақұлдауы және енгізілуі тек ағылшын тілінде жүргізіледі.

Қандай сауалнамалар қарастырылуды қажет етеді?

Осы қарастыру процесі, бірінші кезекте, әкімшілік мақсаттар үшін жүргізілетін сауалнамаларға (яғни сапаны бақылау, әкімшілік бағалау, қажеттіліктерді немесе бағдарламаны бағалау, жоспарлау, одан әрі дамыту және тиімділікті арттыру үшін жеке пікірлер немесе тәжірибе туралы ақпарат жинау үшін) қолданылады. Сонымен қатар, сауалнаманың нысаналы тобы НУ-дың барлық қоғамдастығы немесе оның кеңейтілген кіші тобы (мысалы, CPS студенттері, бакалавриат студенттері, магистранттар, докторанттар, оқытушылар және/немесе жұмыскерлер) болуы тиіс. НУ-дың кез келген құрылымдық бөлімшелері (оның ұйымдарын қоса алғанда) жүргізетін әкімшілік сауалнамалар қарастырудан өтуі қажет.

Келесі сауалнамалар қарау процесіне жатпайды:

  1. НУ оқытушылары, студенттері немесе жұмыскерлері ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін жүргізетін сауалнамалар (мысалы, академиялық/ғылыми сауалнамалар), осы сауалнамаларды ҒЗИЭК мақұлдаған жағдайда немесе адамның пәндік зерттеуіне жатпайтын жағдайда.
  2. Диссертация/дипломдық жұмыс немесе оқу жобасы/тапсырма бойынша студенттердің жүргізген сауалнамалары.
  3. Курстарды бағалау бойынша сауалнамалар.
  4. Бір құрылымдық бөлімше (мысалы, мектеп, ұйым, бөлім немесе бөлімше) сол құрылымдық бөлімшенің қатысушылары үшін жүргізетін сауалнамалар.
  5. Оқытушы-профессорлар сенаты өткізетін сауалнамалар.
  6. НУ студенттік ұйымдары жүргізген сауалнамалар (мысалы, Студенттік үкімет және клубтар).
  7. «Қызмет көрсету нүктелеріндегі» шағын ауқымды сауалнамалар (белгілі бір іс-шараға қатысқан нақты адамдар үшін өткізілетін) немесе нақты қатысқан іс-шараға немесе пайдаланылған бизнес-қызметке (мысалы, кабинеттерді брондау жүйесі, тіркеу процесі, бюджеттік өтінімді өңдеу) қарапайым кері байланыс/бағалау).
  8. Институционалдық зерттеулер және аналитика үшін жүргізілген сауалнамалар.

Қосымша ақпарат, соның ішінде ерекше жағдайдағы сауалнамалар туралы ақпарат алу үшін НУ -дегі әкімшілік сауалнамалары туралы регламентін қараңыз.

Сауалнаманы қарау бойынша топ

Сауалнама бойынша топ Провосттың шешімімен құрылады. Осы Регламенттің мақсаты НУ-да әкімшілік сауалнама жүргізуді үйлестіру мен қадағалауды, сондай -ақ сауалнамалардың Әкімшілік сауалнамалар туралы регламенттің мақсаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.

Сауалнама бойынша топқа 2021-2022 академиялық жылға келесі мүшелер кіреді:

  • Мэттью Кортни-Институттық Зерттеулер бөлімінің басшысы, Провост офисі, төрағасы;
  • Сулейменова Алия – Академиялық сапаны арттыру координаторы, Провост офисі, топ мүшесі;
  • Саниязова Арай – Кеңесші, Студентпен жұмыс жөніндегі департамент, топ мүшесі;
  • Бауыржанова Аяулым – Cауалнамаларды ұйымдастыру бойынша үйлестірушісі, Провост офисі, топ мүшесі;
  • Абильтаева Дана – Аға менеджер, Стратегиялық жоспарлау және тәжірибемен бөлісу департаменті, топ мүшесі;
  • Маслова Лейла – Тренинг координаторы, Адами капиталды дамыту департаменті, топ мүшесі;
  • Туякбаев Олжас – Бас менеджер, Регистратор офисі, топ мүшесі;

Сауалнама бойынша топ сауалнамаларға өтінімдерді жылына төрт рет, әрбір күзгі және көктемгі семестрдің басында және ортасында қарайтын болады. Өтінімдерді қабылдау мерзімдері «Сауалнама күнтізбесі және мерзімдері» бөлімінде табуға болады.

Сауалнама бойынша тобының мүшелері өтінімдерді нақты критерийлер бойынша бағалайды (Бағалау формасын қараңыз). Сауалнамаға өтінім, топ мүшелерінің кемінде үштен екісінің мақұлдауына ұсынылса, ол бекітілуі мүмкін.

Алайда, Сауалнама бойынша топ сауалнамалар жүргізу жөніндегі консультациялық топ болып саналмайды және сауалнамаларды әзірлеу және іске асыру бойынша қолдау/ұсынымдар беруге немесе қарауға/бекітуге ұсынылған сауалнамалардың сапасын арттыруға жауапты болмайды. Бастамашы сапалы сауалнама өтінімін және сапалы сауалнаманы әзірлеу үшін жауапты. Сауалнаманы дайындауға көмектесетін материалдарды «Сауалнаманы жобалауға арналған ресурстар» бөлімінен таба аласыз.

Сауалнамаға өтінімді қарау процесі
  1. Бастамашы сауалнама бойынша өтінімді, сондай-ақ сауалнаманың өзін бекітілген уақытында / мерзімдерінде ұсынуы тиіс.
  2. Сауалнамаларға өтінімдер бекітілген мерзімнен кейін сауалнама бойынша топтың мүшелеріне екі аптаға жіберіледі. Сауалнама бойынша топ мына ұсынымдардың бірін береді: өтінімді мақұлдау; өтінімнен бас тарту; өтінімді қайта қарау/жақсарту және қайта беру.
  3. Сауалнама бойынша топтың төрағасы мен хатшысы әрбір сауалнама өтінімі бойынша топтың барлық мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайды.
  4. Сауалнама бойынша топтың хатшысы өтінім бойынша түпкілікті шешімді бастамашыға сауал жүргізуге өтінім берудің соңғы мерзімінен кейін үш аптадан кешіктірмей беруге тиіс.
  5. Егер сауалнама бойынша өтінім мақұлданса, бастамашы келесі бөлімдегі көрсетілген әкімшілендіру тәсілдерінің бірімен сауалнаманы жүргізеді.
  6. Сауалнама жүргізілгеннен кейін бастамашы Сауалнама бойынша топқа қысқаша есеп береді (“Сауалнама нәтижелері туралы есеп” бөлімін қараңыз).

Сауалнамалар жүргізу тәртібі

Егер сауалнама жүргізуге өтінім мақұлданған жағдайда, Сауалнама бойынша топ сауалнаманы тарату тәсілдері туралы мынадай түрде шешім қабылдайды:

  1. Анонимді сауалнамаға сілтеме – бастамашы нысаналы топқа (мысалы, студенттерге, жұмыскерлерге) қолданыстағы НУ-дың тарату тізімдері арқылы электрондық поштамен сауалнама сілтемесін жіберіп, қол жеткізе алады. Сауалнама бойынша топ ұсынылып отырған сауалнаманың сипатына қарай бастамашының кампус аумағында сауалнамаға әлеуметтік желілерге және/немесе QR-коды бар постерлерге сілтеме жасай отырып (қолданыстағы тарату тізімдері арқылы емес) сауалнаманы таратуы тиістігін анықтай алады.
  2. Жасалған кездейсоқ іріктеу – Институционалдық зерттеулер және аналитика қызығушылық тудыратын нысаналы аудиториядан/жиынтықтан кездейсоқ үлгіні жасайды, ал НУ ақпараттық қызметі таңдалған адамдар кіретін уақытша тарату тізімін жасайды. Бастамашы осы уақытша тарату тізімін пайдаланып сауалнамаға анонимді сілтеме жібереді.
  3. Сауалнамаға жеке сілтемелер – сирек жағдайларда, сауалнама құпия болуы керек, бірақ анонимді емес, сауалнама құралы жеке сауалнамаға шақыру арқылы таратылуы мүмкін. Деректердің құпиялылығы мен қорғалуын қамтамасыз ету сауалнаманың осы түрі үшін маңызды этикалық талап болып табылады және Сауалнама бойынша топ анонимді емес сауалнамаларға ерекше назар аударады. Анонимді емес сауалнамаларды қызығушылық танытқан нысаналы аудитория үшін жеке байланыс ақпаратына қол жеткізе алатын бөлімше (мысалы, Қабылдау департаменті, Регистратор офисі, Адами капиталды дамыту департаменті, Ақпараттық қызмет) жүргізе алады. Алайда, бастамашылар сауалнама тобына анонимді емес сауалнамалар үшін дәлелді негіздеме ұсынуы қажет.
  4. Сұхбат – Сауалнама бойынша топ сұхбат жүргізу арқылы сапалы зерттеу әдісі ұсынылған сауалнама үшін қолайлы деп шешкен жағдайда, бастамашы нысаналы аудиториядан еріктілерді жинап, сұхбат жүргізе алады.

Сауалнама нәтижелері туралы есеп

Сауалнаманы іске асырғаннан кейін бастамашы қысқаша есепті толтыруы және оны Сауалнама бойынша топқа ұсынуы тиіс. Бұл есеп әкімшілік жүктеме ретінде емес, керісінше сауалнама бастамашысының сауалнама мен оның нәтижелері туралы ойлау мүмкіндігі ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл есеп сонымен қатар Институционалдық зерттеулер және аналитикаға, Сауалнама бойынша топқа НУ-дағы әкімшілік сауалнамалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалауға көмектеседі.

Есеп сауалнама жүргізілген күннен кейін 6 айдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Есепті ұсынбау осы құрылымдық бөлімше ұсынған сауалнамаға болашақ өтінімдерді қарауға теріс әсер етеді (өйткені қарау процесінде бұрын жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері ескерілетін болады).

 

Бұл күнтізбеде НУ-дың әкімшілік бірліктері бастаған және Сауалнама бойынша топ мақұлдаған ағымдағы және болашақтағы сауалнамалар туралы ақпаратты таба аласыз.

Егер сіз НУ қауымдастығы мүшелері арасында сауалнама жүргізгіңіз келсе, сауалнама күндерінің қайталануын болдырмау үшін осы күнтізбені тексеріңіз.

 

 

Сауалнаманы қарастыру мерзімдері

«Сауалнамаға өтінім тапсыру» бөлімінде сипатталғандай, Сауалнама бойынша топ әкімшілік сауалнамаларға өтінімдерді жылына төрт рет, әр күз және көктемгі семестрдің басында және ортасында қарайды.

Егер сіз әкімшілік сауалнама жүргізуді жоспарласаңыз, сауалнаманы уақтылы жоспарлау үшін келесі маңызды мерзімдерін тексеріңіз.

 

# Сауалнамаға өтінім берудің соңғы мерзімі Өтінімдердің нәтижелерін жариялау
1 2023 жылдың күзгі семестрінде
өтінімдердің бірінші қарастыруы
8 қыркүйек 2023 ж. 29 қыркүйек 2023 ж.
2 2023 жылдың күзгі семестрінде
өтінімдердің екінші қарастыруы
20 қазан 2024 ж. 10 қараша 2023 ж.
3 2024 жылдың көктемгі семестрінде
өтінімдердің бірінші қарастыруы
19 қаңтар 2023 ж.  9 ақпан 2023 ж.
4 2024 жылдың көктемгі семестрінде
өтінімдердің бірінші қарастыруы
1 наурыз  2024 ж. 27 наурыз 2024 ж.