Институционалдық Зерттеулер және Талдау

ИЗТ ТУРАЛЫ

НУ Институционалдық зерттеулер мен талдаулар (ИЗТ) бөлімшесі нақты деректерге негізделген шешімдерді қабылдауға қолдау көрсету үшін, сондай-ақ НУ-да институционалдық жоспарлау және тиімділікті арттыру үшін әртүрлі талдамалық зерттеулер жүргізеді. ИЗТ негізгі мақсаты НУ үшін стратегиялық маңызды мәселелерді қарау және шешу үшін қажетті өзекті, шынайы, уақтылы деректер мен талдау нәтижелерін ұсыну болып табылады. ИЗТ Провоста офисінде орналасқан.

Миссия мен Пайымдауы
Стратегиялық Басымдықтар
Ұйымдық Құрылымы
ИЗТ тобы
Миссиясы

ИЗ-дің негізгі миссиясы НУ-да деректерді жинау мен талдау, сондай-ақ жоспарлауды, саясат әзірлеуді, шешім қабылдауды және ұдайы жақсартуды қолдау үшін ақпарат пен қорытындыларды тарату болып табылады. Екінші миссиясы НУ-да нақты мәліметтерді пайдалану мәдениетін қалыптастыру (1) және Қазақстанда Институционалдық зерттеулердің практикалық тәсілдерін ілгерілету үшін білім беру және кәсіби дайындықты қамтамасыз ету болып табылады.

Пайымдауы

ИЗ-дің пайымдауы - НУ-дің мүдделі тараптары және бүкіл НУ-дің талдау әлеуетін кеңейту үшін шынайы ақпаратты ұсынатын озық тәжірибе орталығына айналу.

 

Стратегиялық Басымдықтар

ИЗТ-тің төрт стратегиялық басымдықтары бар:

  • НУ-да шешім қабылдауды қолдау үшін нақты деректерге негізделген деректерді, ақпарат пен зерттеу қорытындыларын ұсыну;
  • НУ-да нақты мәліметтерді талдау және пайдалану мәдениетін қалыптастыру;
  • Қазақстанда ИЗ практикасын енгізу және деңгейін арттыру;
  • Қазақстанда жоғары білім беру саласындағы білімді жинақтауға ілес қосу.
НУ-дың Институционалдық зерттерулер және талдау орталығының ұйымдық құрылымы

Біздің топ

  Мэттью Кортни, Ph.D. | Институционалдық зерттеулер басшысы Email: matthew.courtney@nu.edu.kz Phone number: + 7 (7172) 70 66 59   Доктор Кортни - Жаңа Зеландиядан келген білім беруді бағалау бойынша сарапшы, психометрик және статистикалық бағдарламалық құралды әзірлеуші маман. Оның докторлық диссертациясы бүкіл Австралазия бойынша халықаралық университет студенттерінің табыстылығын және олардың  сәтті аяқталуын анықтайтын факторларды анықтауға арналған. Докторлық дәрежесін алғаннан кейін ол екі жыл бойы Окленд университетінде білім беру факультетінің сандық деректерді талдау ғылыми-зерттеу бөлімінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Осыдан кейін ол Мельбурн университетінің бағалау зерттеу орталығында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Соңғы үш жарым жыл ішінде ол Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебінде Ассистент профессор болып жұмыс атқарды. Доктор Кортни студенттерді оқыту, бағалау, статистикалық бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және оқу бағдарламаларын бағалау саласында көп жарияланды және Орталық Азияда институционалдық зерттеулерді ілгертуге және тиімділікті арттыруға өз үлесін қосуға міндеттенеді.        

  Айгерім Байкенова | Деректер бойынша аға үйлестіруші Email: aigerim.baikenova@nu.edu.kz Жұмыс тел.: + 7 (7172) 70 90 18   Айгерім Байкенова Назарбаев Университетіндегі Провост Офисіндегі ИЗТ тобында деректер бойынша аға үйлестіруші болып қызмет етеді. Ол компьютерлік ғылымдар бойынша бакалавр деңгейін Казақстан Британ  Техникалық университеті және ИТ менеджмент саласында магистр дәрежесін Ноттингем Университенінен алды. Деректерді есеп беру координаторы статистикалық зерттеулер, деректер жинағы, инфографика және ақпараттық панельдер арқылы Университеттің ресми статистикасын дайындау және жариялауға міндетті. Айгерім сонымен қатар дерекқорлардан керекті деректі шығарып, ИЗТ талдаушыларына әрі қарай зерттеу  үшін деректерді өңдеп беруге міндетті.    
Жақыбаева Әсел | Деректер талдаушысы Эл. пошта: assel.zhakibayeva@nu.edu.kz Тел: + 7 (7172) 70 89 69   Жақыбаева Әсел Провост офисінің Институционалдық тиімділік тобында деректер талдаушысы қызметін атқарады. Талдаушы ретінде Әсел Назарбаев Университетінде деректерге негізделген академиялық шешімдер қабылдауды қолдау мақсатында аналитикалық зерттеулер жүргізуге жауапты. Әсел Лондон империалық колледжінің қолданбалы экология магистрі дәрежесін алды. Оның Қазақстан Республикасының орта білім беру деңгейінде және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру орталығы» филиалынындағы негізгі және жоғары мектептің «Биология» пәні бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын, әдістемелік пен оқу әдебиеттерін әзірлеу және жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар. Ол сонымен қатар Қазақстанда TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеуді енгізу және студенттерді оқу жетістіктерін талдау бойынша жұмыс жасады.  
Диана Калеменева | Сауалнама үйлестірушісі Эл. пошта: diana.kalemeneva@nu.edu.kz Тел: +7 (7172) 70-58-78   Диана Калеменева - білім беру және ғылыми зерттеулер саласында көшбасшылық тәжірибесі бар арнайы маман. 2023 жылы Назарбаев Университетінде "Білім беру көшбасшылығы: мектептегі білім" мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алды. Қазіргі уақытта Диана Назарбаев университетінде ректор жанындағы институционалдық тиімділік бөлімінің Институционалдық зерттеулер және талдау бөлімінде сауалнама үйлестірушісі болып жұмыс істейді. Бұл лауазымда ол оқу орнының тиімділігін арттыруға және оқу нәтижелерін жақсартуға бағытталған стратегиялық зерттеулерді әзірлеуде, қайта қарауда, алдын ала тестілеуде және жүргізуде шешуші рөл атқарады. Білім беру саласындағы зерттеулерге үлкен қызығушылық таныта отырып, Диана өзінің күш-жігерін білім беру саласында, әсіресе студенттердің оқу қабілеті мен оқу үлгеріміне қатысты терең талдау жасауға бағыттайды.