Біз туралы

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ТИІМДІЛІК ҰЖЫМЫ ТУРАЛЫ

Ұйымдық құрылым

Провост Офисінің ішіндегі Институционалдық тиімділік бөлімінің құрылымы

Біздің ұжым

Жалпы мәселелер
Институционалдық зерттеулер және талдау
Академиялық сапаны арттыру
Инновациялық оқыту
Институционалдық бағалау, рейтинг және аккредиттеу

 

Данкан Пристли | Институционалдық тиімділіктің бас директоры

Эл. пошта: duncan.priestley@nu.edu.kz

Тел: + 7 (7172) 70 90 51

 

Доктор Данкан Пристли Назарбаев Университетіне 2013 жылдың қазан айында Провост Офисінде академиялық сапаны арттыру бөлімінің бастығы қызметіне кірді. Қазіргі уақытта ол сапаны қамтамасыз ету мен арттыруды, институционалдық зерттеулерді және институционалдық бағалауды / аккредиттеуді қоса алғанда, институционалдық тиімділікке жауапты. Сонымен қатар ол Инженерия Мектебінде деканның білім беру және оқыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

 

Оның академиялық біліктілігіне Ливерпуль университетінің геология саласындағы бакалавриат (үздік дипломы), Халл университетінің білім беру саласындағы магистратура және акустикалық океанография саласындағы докторантура кіреді. Ұлыбританиядағы университеттер мен әскери-теңіз академияларында жиырма жыл жұмыс істегеннен кейін, ол үш жыл Абу-Дабиде БАӘ теңіз академиясында деканының орынбасары болып жұмыс істеді.

 

Доктор Пристли Плимут Университетінің Океанографиялық зерттеулер мен білім беру орталығының негізін қалаушы мүшесі болды және оның ғылыми зерттеулері акустиканың таяз мұхиттағы қолданылуына бағытталған. Соңғы зерттеулер атмосфералық және океанографиялық өзгергіштіктің Араб шығанағы мен Оман шығанағындағы сонарлық және радиолокациялық таралуына әсерін зерттеді. Оның ғылыми қызығушылықтары сонымен қатар халықаралық жоғары білім беру мен оқыту және академиялық сапаны қамтиды.

 

 

 

Айжан Мусина | Институционалдық тиімділік жөніндегі қауымдастырылған директор

Эл. пошта: amussina@nu.edu.kz

Тел: + 7 (7172) 70 61 36

 

Айжан Мусина Назарбаев Университетіне 2011 жылы қызметке кірді. Провост Офисінің негізін қалаушы мүшесі ретінде ол бөлімшені операциялық басқаруын академиялық сапаны қамтамасыз ету және арттыру бойынша халықаралық деңгейдегі саясат пен процедураларды әзірлеумен ұштастырды.

 

Институционалдық тиімділікті, оның ішінде институционалдық бағалауды, рейтингті және аккредиттеуді үйлестіру және оқыту сапасын арттыру жөніндегі институционалдық бастамалар оның қазіргі рөлінің негізгі аспектілері болып табылады.

 

Айжанның академиялық біліктілігіне Ноттингем Университетінің білім беру саласындағы көшбасшылық және менеджмент  магистратурасы (үздік дипломы) және Назарбаев Университетінің басшыларға арналған MBA кіреді. Ол Ұлыбританияның QAA сапа кепілдігінің халықаралық бағдарламасын аяқтады. Жобаларды басқарудың сертификатталған серіктесі (Халықаралық жобаларды басқару қауымдастығы).

Мэттью Кортни, Ph.D. | Институционалдық зерттеулер басшысы

Email: matthew.courtney@nu.edu.kz

Phone number: + 7 (7172) 70 90 18

 

Доктор Кортни - Жаңа Зеландиядан келген білім беруді бағалау бойынша сарапшы, психометрик және статистикалық бағдарламалық құралды әзірлеуші маман. Оның докторлық диссертациясы бүкіл Австралазия бойынша халықаралық университет студенттерінің табыстылығын және олардың  сәтті аяқталуын анықтайтын факторларды анықтауға арналған. Докторлық дәрежесін алғаннан кейін ол екі жыл бойы Окленд университетінде білім беру факультетінің сандық деректерді талдау ғылыми-зерттеу бөлімінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Осыдан кейін ол Мельбурн университетінің бағалау зерттеу орталығында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Соңғы үш жарым жыл ішінде ол Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебінде Ассистент профессор болып жұмыс атқарды. Доктор Кортни студенттерді оқыту, бағалау, статистикалық бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және оқу бағдарламаларын бағалау саласында көп жарияланды және Орталық Азияда институционалдық зерттеулерді ілгертуге және тиімділікті арттыруға өз үлесін қосуға міндеттенеді.  
 


Айгерім Байкенова | Деректер бойынша аға үйлестіруші

Эл. пошта: aigerim.baikenova@nu.edu.kz

Тел: + 7 (7172) 70 90 18

 

Айгерім Байкенова Провост Офисіндегі ИЗТ тобында деректер бойынша аға үйлестіруші болып қызмет етеді. Ол компьютерлік ғылымдар бойынша бакалавр деңгейін Казақстан Британ  Техникалық университеті және ИТ менеджмент саласында магистр дәрежесін Ноттингем Университенінен алды. Деректерді есеп беру координаторы статистикалық зерттеулер, деректер жинағы, инфографика және ақпараттық панельдер арқылы Университеттің ресми статистикасын дайындау және жариялауға міндетті. Айгерім сонымен қатар дерекқорлардан керекті деректі шығарып, ИЗТ талдаушыларына әрі қарай зерттеу  үшін деректерді өңдеп беруге міндетті.

 

 

 


 

Жақыбаева Әсел |Деректер талдаушысы

Эл. пошта: assel.zhakibayeva@nu.edu.kz

Тел: + 7 (7172) 70 89 69

 

Жақыбаева Әсел Провост офисінің Институционалдық тиімділік тобында деректер талдаушысы қызметін атқарады. Деректер талдаушысы ретінде Әсел Назарбаев Университетінде деректерге негізделген академиялық шешімдер қабылдауды қолдау мақсатында аналитикалық зерттеулер жүргізуге жауапты.

Әсел Лондон империалық колледжінің қолданбалы экология магистрі дәрежесін алды. Оның Қазақстан Республикасының орта білім беру деңгейінде және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру орталығы» филиалынындағы негізгі және жоғары мектептің «Биология» пәні бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын, әдістемелік пен оқу әдебиеттерін әзірлеу және жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар. Ол сонымен қатар Қазақстанда TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеуді енгізу және студенттерді оқу жетістіктерін талдау бойынша жұмыс жасады.

 

Алия Сулейменова |  Академиялық сапаны жөніндегі қауымдастырылған директор  
Пошта: aliya.suleimenova@nu.edu.kz 
Телефон: + 7 (7172) 70 90 50

Алия Сулейменова жаңа және өзгертілген академиялық бағдарламалардың жобаларын қарайды, академиялық бағдарламалардың мониторинг процесін үйлестіреді және академиялық қоғамдастыққа оқыту сапасын арттыру рәсімдеріне қатысты консультациялық қолдау көрсетеді. Ол Британдық Колумбия Университетінде (Канада) Білім беру саласындағы басқару магистрі дәрежесін, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих магистрі дәрежесін және тарих ғылымдарының бакалавры дәрежесін алды. 2018 жылы Халықаралық сапаны қамтамасыз ету бағдарламасынан өтті (QAA, Ұлыбритания). Брайтон Университетінің докторлық бағдарламалар колледжінде Erasmus бағдарламасына қатысты.

 

Әлия Тускеева | Академиялық сапаны арттыру менеджері

 

Пошта: aliya.tuskeyeva@nu.edu.kz

 

Телефон: +7 (7172) 70 26 58

Әлия Тускеева Павлодар мемлекеттік университетінде шетел филологиясы мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін және Назарбаев Университетінде көптілді білім беру магистрі дәрежесін алды. Ғылыми қызығушылықтары - транслингвизм және педагогигалық транслингвистика. Әлияның ағылшын тілін оқытуда тәжірибесі мол. 2016 жылы Cambridge CELTA (өзге тілде сөйлеушілерге ағылшын тілін үйрету сертификаты) біліктілігіне ие болды (Прага, Чехия). 2017 жылы Білім және ғылым министрлігі үштілділік саясатын дамыту жобасында оқу жоспарын жасаушы және аға нұсқаушы ретінде қатысты. Әлияның негізгі жұмыстану бағыты студенттердің академиялық сапаны арттыру үрдісіне қатысуын күшейтумен және Академиялық сапа комитетіне оперативтік көмек көрсетумен байланысты.

Элейн Шарплин | Оқу және оқыту бөлімінің басшысы

Эл. пошта: elaine.sharplin@nu.edu.kz

Тел: +7 (7172) 70-93-71

 

Оқу және оқыту бөлімінің басшысы және Инновациялық оқыту хабын бірлесіп басқаруға жауапты оқытушы профессор. Ол орта және жоғары оқу орындарында, әсіресе мұғалімдердің білім беру саласында 40 жылдық оқытушылық тәжірибесіне сүйене отырып, ұжымды стратегиялық басқарумен және кәсіби оқытуды жоспарлаумен және жеткізумен айналысады. Элейн тәжірибе қоғамдастығын құруды қоса алғанда, бірқатар әдістер арқылы кәсіби оқытуды қолдаудың әртүрлі тәсілдердің пайдалылығына сенеді.

 

 

 

Айман Хамитова | Инновациялық оқыту жөніндегі координатор

Эл. пошта: aiman.khamitova@nu.edu.kz

Тел: +7 (7172) 70-90-57

 

Айман Хамитова - Инновациялық оқыту жөніндегі координаторы, оның негізгі міндеттеріне инновациялық оқыту хабын (ILH) басқару кіреді. Ол оқытушылар құрамына семинарлар мен вебинарлар өткізеді және оқыту технологияларын интеграциялаумен курстарды жобалауға және / немесе қолдауға байланысты жеке кеңестер береді.

Қазіргі уақытта Айман Хамитова Флорида штатының университетінде қашықтықтан EdD студенті ретінде Learning Design and Performance Technology оқып жатыр.

 

Әйгерім Сары | Оқу жоспарын жобалау менеджері

Эл. пошта:aigerim.sary@nu.edu.kz

Тел: +7 (7172) 70-90-57

 

Оқу жоспарын жобалау менеджері оқытушылар мен студенттерге курстың дизайны, оқу материалдары мен оқу стратегияларын әзірлеуге ресурстар беру арқылы оқыту мен оқу үдерісінің барлық режимдерінде қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, Әйгерім Қазақстан облыстарындағы қазақ тілді білім берушілерге арналған мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған нұсқаулық жазумен айналысады.

 

 

 

Айза Бисалиева  | Мультимедиялық онлайн оқыту менеджері

Эл. пошта: aiza.bissaliyeva@nu.edu.kz

Тел: +7 (7172) 70-63-77

 

Онлайн оқу мультимедиялық менеджері негізгі міндеттеріне оқытушылар мен университеттің кең көлемді қызметкерлеріне онлайн, аралас және бетпе-бет академиялық курстар, семинарлар, семинарлар, оқу іс-шараларын қолдайтын мультимедиялық материалдар әзірлеуді қосады. Айза мультимедиялық өнім шығару арқылы университеттің цифрлық аутрич бастамаларын қолдайтын ILH мен студиядағы аудио, бейне және басқа да білім беру технологияларының ресурстарымен айналысады.

 

Данкан Пристли | Институционалдық тиімділіктің бас директоры

Эл. пошта: duncan.priestley@nu.edu.kz

Тел: + 7 (7172) 70 90 51

 

Доктор Данкан Пристли Назарбаев Университетіне 2013 жылдың қазан айында Провост Офисінде академиялық сапаны арттыру бөлімінің бастығы қызметіне кірді. Қазіргі уақытта ол сапаны қамтамасыз ету мен арттыруды, институционалдық зерттеулерді және институционалдық бағалауды / аккредиттеуді қоса алғанда, институционалдық тиімділікке жауапты. Сонымен қатар ол Инженерия Мектебінде деканның білім беру және оқыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

 

Оның академиялық біліктілігіне Ливерпуль университетінің геология саласындағы бакалавриат (үздік дипломы), Халл университетінің білім беру саласындағы магистратура және акустикалық океанография саласындағы докторантура кіреді. Ұлыбританиядағы университеттер мен әскери-теңіз академияларында жиырма жыл жұмыс істегеннен кейін, ол үш жыл Абу-Дабиде БАӘ теңіз академиясында деканының орынбасары болып жұмыс істеді.

 

Доктор Пристли Плимут Университетінің Океанографиялық зерттеулер мен білім беру орталығының негізін қалаушы мүшесі болды және оның ғылыми зерттеулері акустиканың таяз мұхиттағы қолданылуына бағытталған. Соңғы зерттеулер атмосфералық және океанографиялық өзгергіштіктің Араб шығанағы мен Оман шығанағындағы сонарлық және радиолокациялық таралуына әсерін зерттеді. Оның ғылыми қызығушылықтары сонымен қатар халықаралық жоғары білім беру мен оқыту және академиялық сапаны қамтиды.

 

Айжан Мусина | Институционалдық тиімділік жөніндегі қауымдастырылған директор

Эл. пошта: amussina@nu.edu.kz

Тел: + 7 (7172) 70 61 36

 

Айжан Мусина Назарбаев Университетіне 2011 жылы қызметке кірді. Провост Офисінің негізін қалаушы мүшесі ретінде ол бөлімшені операциялық басқаруын академиялық сапаны қамтамасыз ету және арттыру бойынша халықаралық деңгейдегі саясат пен процедураларды әзірлеумен ұштастырды.

 

Институционалдық тиімділікті, оның ішінде институционалдық бағалауды, рейтингті және аккредиттеуді үйлестіру және оқыту сапасын арттыру жөніндегі институционалдық бастамалар оның қазіргі рөлінің негізгі аспектілері болып табылады.

 

Айжанның академиялық біліктілігіне Ноттингем Университетінің білім беру саласындағы көшбасшылық және менеджмент  магистратурасы (үздік дипломы) және Назарбаев Университетінің басшыларға арналған MBA кіреді. Ол Ұлыбританияның QAA сапа кепілдігінің халықаралық бағдарламасын аяқтады. Жобаларды басқарудың сертификатталған серіктесі (Халықаралық жобаларды басқару қауымдастығы).

 

 

Эльмира Табылдиева | Аккредиттеу жөніндегі администратор

Эл. пошта: elmira.tabyldiyeva@nu.edu.kz

Тел: +7 (7172) 70 91 43

 

Эльмира Табылдиева Назарбаев Университетіне 2020 жылы қабылданды. Ол аккредиттеуді үйлестіру бойынша жұмыс істейді, білім беру мен оқыту бастамаларына қолдау көрсетеді және институционалдық тиімділік ұжымының қызметіне қатысты ақпаратты таратады.