Data Digest - бұл НУ студенттері (қабылданған, тіркелген студенттер, бітірген түлектер жайлы және т.б.), оқытушылары мен қызметкерлері туралы толық ақпаратты қамтитын статистикалық есеп.  Университеттің ресми статистикалық көзі болып табылады.

Назарбаев Университетінің оқу бағдарламаларының жоғары сапасы оқытушы-профессорлар құрамының, сыртқы сарапшылардың және студенттердің қосқан үлесіне сүйене отырып, бағдарламаны бекітудің қатаң және жүйелі процесі арқылы қамтамасыз етіледі.

E-learning студиясы жоғары сапалы мультимедиялық білім беру контентін дамытуды қолдайды және оқытушыларды онлайн немесе аралас оқыту жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру үшін кәсіби аудиовизуалды жабдықтармен қамтамасыз етеді.

Біз біліктілікті арттыру мүмкіндіктерін, нұсқаулар пен ресурстарды ұсыну арқылы НУ-дағы оқыту тәжірибесін жақсарту үшін институционалды қолдау көрсетеміз. Біз академиялық қызметкерлер мен көшбасшылар үшін кәсіби даму жолдарын ұсынамыз.

ANALYTICAL TALENT NETWORK

Analytical Talent Network (ATN) - ИЗТ бастамасы бойынша, НУ-да аналитика және нақты деректерді пайдалану мәдениетін қалыптастыру мақсатында  құрылған қауымдастығы. ATN мүшелері озық әдістерімен алмасу, талдау және деректерді басқару дағдыларын дамыту үшін бас қосып отырады.

Толығырақ

ECTS КРЕДИТ КАЛЬКУЛЯТОРЫ

Сіздің курсыңызда берілген оқу нәтижелеріне жету үшін әдеттегі студентке қанша уақыт қажет екенін білесіз бе? Біздің ұсынымдар мен онлайн калькуляторымыз курсыңызды жоспарлауға және ECTS сағаттары мен кредиттерін есептеуге көмектеседі.

Толығырақ

НУ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСУ

Біз жергілікті жоғары оқу орындары үшін біліктілікті арттыру семинарлары мен интенсивті консультациялар арқылы Назарбаев Университетінің тәжірибесімен бөлісу процесіне қатысамыз (жоғары білім беруді реформалаудағы көшбасшылық стратегиялық мақсаты)

Толығырақ