Курс деңгейінде оқу жүктемесін және ECTS кредиттерін есептеу бойынша ұсынымдар

Курс деңгейінде оқу жүктемесін және ECTS кредиттерін есептеу бойынша ұсынымдар

Курс деңгейінде оқу жүктемесін және ECTS кредиттерін есептеу бойынша ұсынымдар

ECTS – бұл оқу, білім беру және бағалау үдерістерінің ашықтық қағидатына негізделген студентке бағытталған кредитті жинақтау және аудару жүйесі. ECTS кредиттері анықталған оқу нәтижелері негізіндегі және оларға байланысты оқу жүктемесіне байланысты оқу көлемін білдіреді (ECTS пайдаланушының нұсқаулығы). Қосымша ақпаратты #5 NU Learning and Teaching Toolkit -тен қараңыз.

Оқу жүктемесі әдеттегі студенттің белгілі бір оқу кезеңінде берілген деңгейде оқу нәтижелерінің берілген жиынтығына жетуіне кететін уақытты есептеу арқылы анықталады. Бұл курстың дизайнына, оқу мен білім беру әдістеріне, бағалауға, оқу әрекеттерінің түрлеріне, ресурстарға және студенттердің қабілеттеріне байланысты.

Төмендегі схема курс деңгейінде студенттердің оқу жүктемесіне 5 қадамдық тәсілді түсіндіреді:

2 және 3 кезеңдер үшін біз оқу жүктемесін есептеудің екі нұсқасын ұсынамыз:

1-нұсқа: Оқу әрекеттерiнің түрлері бойынша жүктемені есептеу (сағатпен), апта бойынша
Әрбір оқу әрекетінің түрі бойынша сағат санын көрсетіңіз (қолданылатын жерде). Курстың әдеттегі ұзақтығы 15 апта (1 семестр), қорытынды бағалауға дайындық 16-шы аптада жүзеге асырылады.
Оқу әрекеттің түрі/Аптасы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 Барлығы
Сынып сағаттары (дәрістер, семинарлар)
Зертханалық жұмыс
Далалық сапарлар
Емтихандарға дайындық және тапсыру
Тапсырмаларды орындауға дайындық
Сабаққа дайындық және кейінгі жұмыс
Материалдарды оқу
Басқа
Барлығы
2-нұсқа: Әрбір ОН бойынша оқу әрекеттерінің жүктемесін есептеу (сағатпен)

Әрбір ОН-ға жету үшін қажет жоспарланған оқу әрекеттерімен бірінші бағанды толтырыңыз (әрекетті қосу үшін «Add» түймесін басыңыз). Екінші бағанда әрбір әрекетке бөлінетін сағат санын көрсетзіңіз. Үшінші бағанда әрбір ОН-ға есептелген сағат саны шығады.

Оқу және бағалау әрекеттері
(дайындық және кейінгі жұмыстарымен бірге)
Студенттің әрбір әрекетті орындауына есептелген уақыт (сағатпен) Әрбір ОН-ға арналған жұмыстың жалпы уақыты (сағатпен)
ОН1
ОН2
ОН3
ОН4
ОН5
Барлығы:

Екі әдісті де қолданып, нәтижелерді біріктіруге болады.

ECTS кредиттерінің санын есептеу үшін (3-қадам) есептеу нәтижесінде алынған ECTS сағаттарының жалпы санын енгізіңіз.