Білім беру және оқыту

АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ

Адалдық - бұл Назарбаев Университетінің негізгі, таптырмас және анықтаушы құндылығы. Біз барлық іс-әрекеттерде адалдықтың жоғары стандарттарын сақтауға тырысамыз: еңбекке негізделген студенттерді оқуға қабылдау процесі және үлгерімі; халықаралық стандарттарды көрсететін бағалау практикасы; қызметкерлерді жалдау, бағалау және жоғарылату кезіндегі әділ және бейтарап тәжірибелер және т.б.

Стандарттар және саясаттар
НУ-дың академиялық адалдыққа көзқарасы
Академиялық адалдықтың институционалды бағасы
Ғылыми зерттеулердің институционалдық әдеп комитеті
Оқытушыларға, қызметкерлерге және студенттерге арналған академиялық адалдық курсы
Студенттер арасында адалдық қағидаларын насихаттау

Біз тәртіптік, академиялық және ғылыми бұзушылықтарға мүлдем төзбейміз. НУ-да академиялық адалдық стандарттары Студенттердің мінез-құлық кодексі мен тәртіптік рәсімдеріне сәйкес сақталады және орындалады.

 

Адалдық пен этика қағидалары мен процедуралары оқытушы-профессорлар құрамына арналған саясаты және процедураларына сәйкес сақталады.

 

Біздің веб-сайтымызда академиялық бұзылулардың болдырмауына оқытушылар-профессорлар құрамына арналған нұсқаулық қолжетімді.

НУ өзінің студенттік, академиялық және ғылыми қоғамдастық шеңберінде академиялық адалдықты қолдауға және ілгерілетуге тұтастық тәсілін қолданады:
 
  • «Барлық іс-шараларда жоғары дәрежедегі адалдық пен еңбекке негізделген тәсілді байқауға болады, бұл өз кезегінде жоғары стандарттар қоюдың кілті болып табылады» (EUA IEP институционалдық бағалау туралы есеп, 2017 ж);

 

НУ-дағы этикалық стандарттарды қадағалауды Ғылыми кеңестің тұрақты органы – Ғылыми зерттеулердің институционалдық әдеп комитеті (IREC) жүзеге асырады. IREC туралы толығырақ оқыңыз.

 

Epigeum ұсынған Academic Integrity — академиялық адалдыққа тұтас, ұзақ мерзімді, жалпы университеттік көзқарасты алға жылжыту үшін оқытушыларға, кәсіби қызметкерлерге және барлық пәндердің студенттеріне арналған интерактивті онлайн курс.

 

Курстың құрылымы: 5 модуль

 

Негізгі бөлім: 3 сағат (оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге арналған модульдер) / 2 сағат 30 минут (студенттерге арналған модульдер)

 

Қосымша мазмұн: 15 сағат (студенттерге арналған модульдер) / 10 сағат (қызметкерлерге арналған модульдер)

 

 Оқытушыларға және қызметкерлерге арналған модульдер  Студенттерге арналған модульдер
Академиялық адалдық дегеніміз не? Академиялық адалдық дегеніміз не?
Академиялық адалдық мәдениетін насихаттау Дайындық кезінде академиялық адалдықты қалай көрсете аламын?
Академиялық адалдықты бұзуды анықтау және оларға жауап беру Жұмысымда академиялық адалдықты қалай көрсете аламын?
Білім беру, оқыту және бағалау: академиялық адалдыққа маңызы Академиялық адалдыққа қалай сенімді бола аламын?
Академиялық адалдықты бағалауды жобалау нұсқалары Күрделі жағдайларды қалай шешуге болады?

 

Жазылым НУ үшін тегін. Курсқа қол жеткізу үшін бізге хабарласыңыз.

НУ студенттер қауымдастығы арасында адалдық қағидаларын насихаттауға арналған Integrity жобасының веб-сайтына қолжеткізу үшін мына сілтемені басыңыз.