Жаңалықтар

Кәсіби даму мүмкіндіктері

IMG_1555

Біз 2022 жылы НУ оқытушылары үшін қолжетімді кәсіби даму мүмкіндіктерінің топтамасымен бөлісуге қуаныштымыз.

Олар университет ішіндегі бастамаларды да, халықаралық деңгейде мойындалған ұйымдар ұсынатын бағдарламаларды да қамтиды және қатысушылардың әртүрлі топтарына арналған: оқытушылық мансабын бастаған қызметкерлерден бастап академиялық көшбасшылыққа дейін. Егер сізде сұрақтар немесе ұсыныстар болса, бізге хабарласыңыз.

Enhancing Programme Leadership (Бағдарлама жетекшілігін арттыру)

Орындар шектеулі және делегаттарды мектептер тағайындайды. Ұйымдастырушы: Институционалдық тиімділік ұжымы. Қосымша ақпарат осы сілтеме бойынша қолжетімді.

Бағдарлама туралы

Supervising Doctoral Studies (Докторантураға жетекшілік ету)

Бағдарламаны Epigeum ұсынады. НУ оқытушылары үшін жазылу тегін. Курсқа қол жеткізу үшін жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар офисіне (gbulebayeva@nu.edu.kz) хабарласыңыз.

Бағдарлама туралы

University Teaching: Core Skills (Университетте оқыту: негізгі дағдылар)

Бағдарламаны Epigeum ұсынады. НУ оқытушылары үшін жазылу тегін. Курсқа қол жеткізу үшін Институционалдық тиімділік ұжымына хабарласыңыз. Қосымша ақпарат осы сілтеме бойынша қолжетімді.

Бағдарлама туралы

Research Skills Toolkit (Зерттеу дағдыларының құралдар жинағы)

Бұл кешенді бағдарлама Epigeum ұсынады. НУ оқытушылары үшін жазылу тегін. Курсқа қол жеткізу үшін жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар офисіне (gbulebayeva@nu.edu.kz) немесе Институционалдық тиімділік ұжымына (institutionaleffectiveness@nu.edu.kz) хабарласыңыз. Қосымша ақпарат осы сілтеме бойнша қолжетімді.

Бағдарлама туралы

Analytical Talent Network

Институционалдық зерттеулер мен талдаулар ұжымы құрған Analytical Talent Network (ATN) НУ-да аналитикалық және деректерге негізделген мәдениетті дамытуға бағытталған. ATN мүшелері тәжірибе алмасу, деректерді басқару және аналитика дағдыларын үйрену үшін мерзімді түрде кездеседі.

Жоба туралы

Becoming a Student Assistant: Teaching and Mentoring (Студенттік көмекші болу: оқыту және тәлімгерлік)

Курсты FutureLearn ұсынады. Жазылым НУ оқытушылары үшін (жаңадан бастаған) тегін. Курсқа қол жеткізу үшін жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар офисіне (gbulebayeva@nu.edu.kz) хабарласыңыз.

Курс туралы

Оқытушы ассистенттеріне арналған бағдарлама

Ұйымдастырушы: Инновациялық оқыту ұжымы ilh@nu.edu.kz

Бағдарлама туралы

Академиялық адалдық

Бұл қысқаша курсты Epigeum әзірледі. НУ оқытушылары үшін жазылу тегін. Курсқа қол жеткізу үшін академиялық адалдық ұжымына (Евгения Ким, yevgeniya.kim@nu.edu.kz) немесе Институционалдық тиімділік ұжымына (institutionaleffectiveness@nu.edu.kz) хабарласыңыз. Қосымша ақпарат осы сілтеме бойынша қолжетімді.

Курс туралы

Мультимедиялық файлдарды құруға кіріспе

Сұраныс бойынша, инновациялық оқыту ұжымы, ilh@nu.edu.kz

Белсенді оқыту кабинеттерінде оқыту

Сұраныс бойынша, инновациялық оқыту ұжымы, ilh@nu.edu.kz