Академиялық көшбасшылыққа арналған

Академиялық көшбасшылыққа арналған

КӨШБАСШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Leadership Development Programme
Enhancing Programme Leadership

Көшбасшылықты дамыту бағдарламасы - бұл академиялық көшбасшылықтың (декандар, декан орынбасарлары, департамент және бағдарлама басқарушылар) университет мектептерінде академиялық көшбасшылық әлеуетін үнемі дамыту және жетілдіру үшін 5 күндік практикалық бастама.

 

 

Бағдарлама практикалық және қызықты түрде өтеді, халықаралық кейстер, құралдар мен тактикалар қолданылады.

 

 

Бұл бөлімде алдағы іс-шаралардың күндері орналастырылады. Егер сізде сұрақтар туындаса, бізге хабарласыңыз.

 

 

Кері байланыс

Семинардан кейінгі анонимді сауалнамаға қатысушылардың жауаптарынан үзінділер:

«Мен үшін бұл семинардың басты қорытындысы – бұл өзімді түсіну және ұйымның әрбір қатысушысы жұмыс істейтін жағдай мен шектеулерді түсіну. Менің ойымша, бұл маған болашақта анағұрлым тиімді және жанашыр лидер болуға көмектеседі».

«Мен мұны белгілі бір жағдайларда қолдану үшін тиімді көшбасшылық дағдылары мен білімдерін дамытатын кәсіби дамудың қуатты факторы ретінде қарастырамын».

«Егер мен осы бағдарлама туралы бір сөз таңдасам, бұл қолдау болар еді. Бағдарлама барысында мен нұсқаушыдан да, топтан да үлкен қолдау алып жатқанымды сездім. Бәрінен бұрын маған тиімді кездесу тақырыбы ұнады, мен оны практикада қолданамын».

Enhancing Programme Leadership (AdvanceHE) - көшбасшылық қабілеттеріне сенімді болуға ұмтылатын академиялық бағдарлама жетекшілеріне қолдау көрсетуге арналған онлайн бағдарлама.

 

Бағдарлама 4 модульден тұрады. Бағдарлама келесі бағыттар бойынша 3 ай бойы синхронды және асинхронды сессияларды ұсынады:

 

- Көшбасшылықты контекстуализациялау;

- Мүдделі тараптардың қатысуы (бас назар студенттерге аударылады);

- Мәселерді мүмкіндіктер ретінде қарастыру;

- Ресми бағынусыз басшылық.

 

Ағымдағы когорттың сессиялары 2023 жылдың 12 қаңтарында басталды.

Егер сіз НУ-да бағдарлама бойынша жетекші лауазымдарда жұмыс істеп жатсаңыз және кәсіби дамуыңызда ілгерілеуді қаласаңыз, қосымша ақпарат алу үшін бұл имейл бойынша хабарласыңыз.