ИЗТ ТУРАЛЫ
НУ Институционалдық зерттеулер мен талдаулар (ИЗТ) бөлімшесі нақты деректерге негізделген шешімдерді қабылдауға қолдау көрсету үшін, сондай-ақ НУ-да институционалдық жоспарлау және тиімділікті арттыру үшін әртүрлі талдамалық зерттеулер жүргізеді. ИЗТ негізгі мақсаты НУ үшін стратегиялық маңызды мәселелерді қарау және шешу үшін қажетті өзекті, шынайы, уақтылы деректер мен талдау нәтижелерін ұсыну болып табылады. ИЗТ Провоста офисінде орналасқан.
Миссиясы
ИЗ-дің негізгі миссиясы НУ-да деректерді жинау мен талдау, сондай-ақ жоспарлауды, саясат әзірлеуді, шешім қабылдауды және ұдайы жақсартуды қолдау үшін ақпарат пен қорытындыларды тарату болып табылады. Екінші миссиясы НУ-да нақты мәліметтерді пайдалану мәдениетін қалыптастыру (1) және Қазақстанда Институционалдық зерттеулердің практикалық тәсілдерін ілгерілету үшін білім беру және кәсіби дайындықты қамтамасыз ету болып табылады.
Пайымдауы
ИЗ-дің пайымдауы - НУ-дің мүдделі тараптары және бүкіл НУ-дің талдау әлеуетін кеңейту үшін шынайы ақпаратты ұсынатын озық тәжірибе орталығына айналу.
Стратегиялық Басымдықтар
ИЗТ-тің төрт стратегиялық басымдықтары бар:
- НУ-да шешім қабылдауды қолдау үшін нақты деректерге негізделген деректерді, ақпарат пен зерттеу қорытындыларын ұсыну;
- НУ-да нақты мәліметтерді талдау және пайдалану мәдениетін қалыптастыру;
- Қазақстанда ИЗ практикасын енгізу және деңгейін арттыру;
- Қазақстанда жоғары білім беру саласындағы білімді жинақтауға ілес қосу.
НУ-дың Институционалдық зерттерулер және талдау орталығының ұйымдық құрылымы

Біздің топ




Диана Калеменева университеттің талапкерлерге, студенттерге, түлектерге және қызметкерлерге арналған стратегиялық сауалнамаларын әзірлеу, іске асыру және бақылау үдерісін үйлестіреді.
Ол институционалдық сауалнамалар күнтізбесін жүргізеді, әкімшілік бөлімшелерден келіп түсетін сауалнама ұсыныстарын қарайды және олардың ішкі саясат пен стратегиялық басымдықтарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Диана сандық және сапалық деректерді талдайды, есептер дайындайды және университет көлемінде сауалнама тәжірибесінің сапасын арттыруға арналған ресурстар мен нұсқаулықтар әзірлейді. Сонымен қатар, ол сауалнамаларды реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады және сауалнамаларды тиімді құрастыру мен талдау бойынша материалдарды жинақтап, оқыту семинарларын өткізу арқылы институционалдық әлеуетті нығайтуға үлес қосады.
Диана - сауалнамаларды келісу, олардың өткізілу мерзімдері және есептерді дайындау бойынша байланыс тұлғасы.

