Академиялық сапа

КРЕДИТТІК ЕМЕС КУРСТАР

НУ мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарынан бастап шағын және орта бизнес иелеріне арналған курстарға дейінгі кредиттік емес курстардың кең спектрін ұсына отырып, Болон процесінің негізгі аспектілерінің бірі, өмір бойы үздіксіз білім беруді қолдайды. Бұл курстар мансаптық өсуге ықпал ететін жеке немесе кәсіби дағдыларды арттыруға бағытталған. Ұсынылатын курстар туралы толық ақпарат мектептердің сайттарынан қолжетімді.

Кредиттік емес курстар саясаты НУ-де үздіксіз білім беру сапасын реттеудің жалпы тәсілін ұсынады. НУ кредиттік емес курстары ішкі саясат пен халықаралық стандарттарға сәйкес келетін Академиялық сапа Тұжырымдамасына сәйкес келеді.

Курстарды әзірлеу кезінде кредиттік емес курстарды бекіту үшін тиісті нысандар пайдаланылуы тиіс. Құжаттарды жүктеу үшін төмендегі сілтемелерге өтіңіз. Таңдалған рәсімдер мен нысандар тек Университеттің мүдделі тараптары үшін қолжетімді екенін ескеріңіз.

Кредиттік емес курстардың сапасын басқаруды мектептер реттейді. Барлық кредиттік емес курстар ресми түрде бекітілуі керек. Бекіту процесі курс түріне байланысты өзгеруі мүмкін. Төмендегі диаграммалар осы процесті көрсетеді.