Жаңалықтар

CurrIQunet командасымен кездесу

curriqunet (2)

2023 жылдың 27 сәуірінде Академиялық сапаны жақсарту командасы (АСЖ) CurrIQunet платформасында НУ оқытушыларымен ақпараттық сессия өткізді.

Сессия барысында CurrIQunet командасы – Марк Своринич (бас директор және төраға) және Нэнси Ховард (вице-президент) – платформаның мүмкіндіктері мен функциялары туралы академиялық брифинг жүргізіп, CurrIQunet курс пен бағдарлама деректерінің тиімді және ашық қоймасы екенін атап өтті. CurrIQunet командасы CurrIQunet саясатының негізгі басымдықтарының бірі деректердің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтты. Сонымен қатар, платформа аккредиттеу тұрғысынан өте маңызды оқу жоспарларын құруға мүмкіндік береді. АСЖ және CurrIQunet командалары белгілі бір мәселелерді түсіндіру және оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру мақсатымен сұрақ-жауап сессиясын өткізді.

Егер сізде CurrIQunet платформасына қатысты сұрақтарыңыз болса, бізге academicquality@nu.edu.kz электрондық пошта арқылы хат жазыңыз.

Бізбен бірге болыңыз және біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыз.