Институционалдық Зерттеулер және Талдау

Analytical Talent Network (ATN)

ИЗТ-ның екінші стратегиялық басымдығы (төртеуінің бірі) - "НУ-да аналитика және нақты деректерді пайдалану мәдениетін қалыптастыру" болып табылады. Осы басымдық шеңберіндегі қызметтің негізгі бағыты университеттің талдау және деректерді басқару бойынша (Analytical Talent Network - ATN) сарапшыларының қауымдастығын құру болып табылады.

ATN қауымдастығы НУ-да деректерді басқарудың әртүрлі аспектілерімен (мысалы, деректерді жинау және өңдеу, талдау және есеп беру) жұмыс жасайтын қызметкерлердің бейресми тобы ретінде құрылды. Топ мүшелері озық тәжірибе алмасу үшін айына бір рет кездеседі, сонымен қатар бір-біріне деректерді талдау дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Олар ATN мүшелері және/немесе басқа адамдар өткізетін деректерді талдау семинарларына және/немесе пікірталастарға қатысады. Сондай-ақ, қауымдастық мүшелері өз жұмысында кездесетін деректерді басқару немесе талдау мәселелерімен хабарласа алады және басқа ATN сарапшыларынан кеңес немесе көмек сұрай алады.

 

Осылайша, ATN–нің негізгі мақсаты - НУ сарапшыларына деректерді басқару және аналитикалық жұмыс дағдыларын жетілдіруге көмектесу.