Институционалдық Зерттеулер және Талдау

ИЗТ ТУРАЛЫ

НУ Институционалдық зерттеулер мен талдаулар (ИЗТ) бөлімшесі нақты деректерге негізделген шешімдерді қабылдауға қолдау көрсету үшін, сондай-ақ НУ-да институционалдық жоспарлау және тиімділікті арттыру үшін әртүрлі талдамалық зерттеулер жүргізеді. ИЗТ негізгі мақсаты НУ үшін стратегиялық маңызды мәселелерді қарау және шешу үшін қажетті өзекті, шынайы, уақтылы деректер мен талдау нәтижелерін ұсыну болып табылады. ИЗТ Провоста офисінде орналасқан.

Ескерту: ИЗТ есептері және басқа материалдары тек ағылшын тілінде жарияланады, сондықтан сайттағы материалдар тек бір тілде қол жетімді болады. Сондай-ақ, кейбір материалдар ішкі пайдалануға арналғандықтан ішкі порталда авторизацияны қажет етеді.

Миссия мен Пайымдауы
Стратегиялық Басымдықтар
Ұйымдық Құрылымы
ИЗТ тобы
Миссиясы

ИЗ-дің негізгі миссиясы НУ-да деректерді жинау мен талдау, сондай-ақ жоспарлауды, саясат әзірлеуді, шешім қабылдауды және ұдайы жақсартуды қолдау үшін ақпарат пен қорытындыларды тарату болып табылады. Екінші миссиясы НУ-да нақты мәліметтерді пайдалану мәдениетін қалыптастыру (1) және Қазақстанда Институционалдық зерттеулердің практикалық тәсілдерін ілгерілету үшін білім беру және кәсіби дайындықты қамтамасыз ету болып табылады.

Пайымдауы

ИЗ-дің пайымдауы - НУ-дің мүдделі тараптары және бүкіл НУ-дің талдау әлеуетін кеңейту үшін шынайы ақпаратты ұсынатын озық тәжірибе орталығына айналу.

 

Стратегиялық Басымдықтар

ИЗТ-тің төрт стратегиялық басымдықтары бар:

  • НУ-да шешім қабылдауды қолдау үшін нақты деректерге негізделген деректерді, ақпарат пен зерттеу қорытындыларын ұсыну;
  • НУ-да нақты мәліметтерді талдау және пайдалану мәдениетін қалыптастыру;
  • Қазақстанда ИЗ практикасын енгізу және деңгейін арттыру;
  • Қазақстанда жоғары білім беру саласындағы білімді жинақтауға ілес қосу.
НУ-дың Институционалдық зерттерулер және талдау орталығының ұйымдық құрылымы

Айгерім Байкенова | Деректерді есеп беру координаторы

Эл. пошта: aigerim.baikenova@nu.edu.kz

Тел: + 7 (7172) 70 90 18

 

Айгерім Байкенова Провост Офисіндегі ИЗТ тобында деректерді есеп беру координаторы болып қызмет етеді. Ол компьютерлік ғылымдар бойынша бакалавр деңгейін Казақстан Британ  Техникалық университеті және ИТ менеджмент саласында магистр дәрежесін Ноттингем Университенінен алды. Деректерді есеп беру координаторы статистикалық зерттеулер, деректер жинағы, инфографика және ақпараттық панельдер арқылы Университеттің ресми статистикасын дайындау және жариялауға міндетті. Айгерім сонымен қатар дерекқорлардан керекті деректі шығарып, ИЗТ талдаушыларына әрі қарай зерттеу  үшін деректерді өңдеп беруге міндетті.

 

 


 

Людмила Филлипова | Сауалнамаларды ұйымдастыру бойынша үйлестіруші

Эл. пошта: lyudmila.fillipova@nu.edu.kz

Тел.: + 7 (7172) 70 60 23

 

Людмила Филлипова - Провост Офисінің Институционалдық зерттеулер және талдау тобының сауалнама үйлестірушісі. Людмила НУ үшін стратегиялық маңызды тақырыптар бойынша сауалнамаларды әзірлеуге, басқаруға және талдауға жауапты. Ол сондай-ақ университеттегі институционалдық және арнайы сауалнамаларды басқаруды реттеу үшін саясаттарды, процедуралар мен нұсқауларды әзірлеуге, енгізуге/іске асыруға жауапты. Ол 2012 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында білім беру бакалавры, 2014 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетінде педагогика магистрі дәрежесін алды. 2019 жылы Людмила Назарбаев Университетінің білім беруді басқару саласындағы ғылым магистрі дәрежесіне ие болды. Людмиланың ағылшын тілін оқытуда және ғылыми зерттеулер жүргізуде айтарлықтай тәжірибесі бар.

 

 

 

Жақыбаева Әсел | Аға менеджер (Талдаушы)

Эл. пошта: assel.zhakibayeva@nu.edu.kz

Тел: + 7 (7172) 70 89 69

 

Жақыбаева Әсел Провост офисінің Институционалдық тиімділік тобында  аға менеджер (Талдаушы) қызметін атқарады. Талдаушы ретінде Әсел Назарбаев Университетінде деректерге негізделген академиялық шешімдер қабылдауды қолдау мақсатында аналитикалық зерттеулер жүргізуге жауапты.

Әсел Лондон империалық колледжінің қолданбалы экология магистрі дәрежесін алды. Оның Қазақстан Республикасының орта білім беру деңгейінде және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру орталығы» филиалынындағы негізгі және жоғары мектептің «Биология» пәні бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын, әдістемелік пен оқу әдебиеттерін әзірлеу және жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар. Ол сонымен қатар Қазақстанда TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеуді енгізу және студенттерді оқу жетістіктерін талдау бойынша жұмыс жасады.