Білім беру және оқыту жөніндегі комитет

Білім беру және оқыту жөніндегі комитет

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Білім беру және оқыту жөніндегі комитет Назарбаев Университетінің оқыту және білім беру саласындағы стратегиясына, жылдық институционалдық жоспарына, озық тәжірибенің айқындалуына, таратылуына және танылуына бақылауды жүзеге асыратын, сондай-ақ осы саладағы стратегия мен практиканы дамытудың көзі болып табылатын Академиялық кеңестің кеңесші органы.

Білім беру және оқыту жөніндегі комитет туралы ереже мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Функциялары
  • Университеттің миссиясына сәйкес білім беру және оқыту стратегиясын анықтау және жылдық жоспарын құру;
  • Университеттің білім беру және оқыту жөніндегі бастамаларын басқару;
  • Университетте білім беру және оқыту жөнінде айқындалған, алдын-ала келісілген тақырыптарды алға тарту;
  • Білім беру және оқыту қағидаттары мен нормативтерін қалыптастыру және тарату;
  • Білім беру және оқытудың озық тәжірибесін айқындау, тарату және таңылуына қол жеткізу;
  • Университеттің білім беру және оқыту тәжірибесі туралы қалың бұқараны ақпараттандыру;
  • Мектептерден білім беру және оқыту туралы жыл сайын есеп алу және Мектептер мен Университеттің басқа да органдарына тиісті нұсқаулар беруді қамтамасыз ету;
  • Академиялық кеңеске және Университеттің тиісті комитеттеріне білім беру және оқыту туралы кезеңдік есептерді дайындау.
Құрамы және қазіргі мүшелер
  • Академиялық істер жөніндегі вице-провост – комитет төрағасы – Лоретта О’Доннелл
  • Институционалдық тиімділіктің бас директоры – Данкан Пристли
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша Қауымдастырылған Провост - Луис Рохас
  • Студенттік үлгерім жөніндегі бас директоры және Регистратор – Ребекка Картер
  • Білім беру және оқытудағы инновациялар орталығының бас директоры – Элейн Шарплин
  • Университеттің әр Мектебінен декандардың академиялық істер жөніндегі орынбасарлары немесе декандары ұсынған басқа тұлғалар: Массимо Пиньятелли (SOM), Андрей Фильченко (SSH), Джейсон Спаркс (GSE), Риккардо Пелиццо (GSPP), Елизавета Архангельский (SEDS), Дженифер Льюис (GSB), Пейман Пурафшари (SMG), Уоррен Рокко (CPS)
  • ОПҚ Сенатының өкілі - Бенджамин Томас
Байланыс

Комитеттің қарауына ұсыныс енгізу үшін қолдау тобына мына электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: ltc@nu.edu.kz