АККРЕДИТТЕУДЕГІ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ
Аккредиттеудегі консультациялар жөніндегі комитет Академиялық кеңеске институционалдық аккредиттеумен және тиісті институционалдық бастамалармен байланысты Университеттің стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша консультация беретін тұрақты жұмыс істейтін органы болып табылады. Комитет жалпы бағытқа басшылықты жүзеге асырады және бағдарламалық аккредиттеуге қолдау көрсетеді.
Аккредиттеудегі консультациялар жөніндегі комитет туралы ереже мына сілтеме бойынша қолжетімді.
Функциялары
- Аккредиттеумен және тиісті институционалдық бастамалармен байланысты мақсаттар мен стратегиялық іс-шараларды қоса алғанда, институционалдық стратегияны іске асыру;
- Аккредиттеуге және тиісті институционалдық бастамаларға қатысты мәселелер бойынша Университетте деректер мен тәжірибе алмасуға жәрдемдесу үшін жауапты болу;
- Тиісті аккредиттеу агенттіктерінің талаптарын сақтау үшін қажетті институционалдық іс-шараларға қатысты Академиялық кеңес пен Университеттің басшылығына консультациялар мен ұсынымдар беру;
- Нұсқаулықтар беру және қолдау көрсету, сондай-ақ бағдарламалық аккредиттеуге өтінімдер беру жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізу;
- Аккредиттеумен және тиісті институционалдық бастамалармен байланысты кәсіби дамуда әкімшілік қызметкерлерге және оқытушы-профессорлар құрамына (ОПҚ) консультация беру және қолдау көрсету;
- Аккредиттеу процесіне және тиісті институционалдық бастамаларға университеттік қоғамдастықты хабардар ету және тарту.
Құрамы және қазіргі мүшелер
- Академиялық кеңестің атынан ұсынылған Комитет төрағасы — Дункан Пристли, институционалдық тиімділіктің бас директоры;
- Провост офисінен бір өкіл - Мэтью Кортни;
- Әр Мектептен бір өкіл: Дженифер Льюис (GSB), Риккардо Пелиццо (GSPP), Сулушаш Керимкулова (GSE және ОПҚ Сенаты), Сайед Али (NUSOM), Антон Десятников (SSH), Насер Мадани (SMG), Ахан Алмагамбетов (SEDS), Ракель Рейнагель (CPS);
- Студент өкілдері — Алмаз Узакбай (бакалавриат), Алтынай Заманбекова (магистратура мен докторантура).
Жылдық есептер
Байланыс
Комитеттің қарауына ұсыныс енгізу үшін қолдау тобына мына электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: accreditation@nu.edu.kz