Академиялық сапа

КУРСТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ БЕКІТУ

Курсты әзірлеу

Курсты әзірлеу - бұл барлық оқытушылар студенттерге оқу нәтижелеріне қол жеткізуге көмектесетін негізгі үдеріс. Ол халықаралық эталондық стандарттарға (Дублин дескрипторлары, пәндік дескрипторлар және аккредиттеу органдарының талаптары), сондай-ақ НУ ішкі саясаттары мен ережелеріне негізделуі тиіс.

Таңдалған рәсімдер мен нысандар тек Университеттің мүдделі тараптары үшін қолжетімді екенін ескеріңіз.

Жаңа курсты әзірлеу кезінде келесі қадамдар пайдалы:

Курсты бекіту рәсімдері

Курсты бекіту процесі мектеп деңгейінде реттеледі. Міндетті және қосымша бөлімдерден тұратын НУ курсты бекіту нысаны мектептерде оқыту және оқу жөніндегі комитеттер бекіткен басшылық құжат болып табылады. Курстың шаблоны (Б қосымша бөлімі) курстың ерекшелігін немесе аккредиттеу талаптарын көрсетуге бейімделуі мүмкін.

Курсты бекіту үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1 қадам. Ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен ынтымақтастық

Бағдарламаның келістілігін қамтамасыз ету үшін оны жүзеге асыруға қатысатын барлық оқытушылар міндетті:

  • олардың курстары бағдарлама бойынша оқу нәтижелеріне және НУ түлегінің атрибуттарына қол жеткізуге қалай ықпал ететінін талқылауға;
  • студенттерді бағалау мен оқу жүктемесінің бірыңғай тәсілін әзірлеуге;
  • оқыту стратегиясы мен оқу қызметін мақұлдауға.

Курсты әзірлеу кезінде студенттер мен сыртқы мүдделі тараптардың пікірлері де ескерілуі керек.

2 қадам. Әр түрлі педагогикалық тәсілдерді қолдану

Оқытушылар өз курстарына келесі тәсілдерді енгізу мүмкіндігін қарастыруы керек:

  • Студенттерге бағытталған оқыту;
  • Инклюзивті оқыту;
  • Интернационалдандыру;
  • Ғылыми-интеграцияланған оқыту;
  • Технологияны қолдану арқылы оқыту.
3 қадам. Курс бойынша SMART оқыту нәтижелерін әзірлеу

Оқу нәтижелері - бұл студенттердің курсты аяқтағаннан кейін не білуі, түсінуі және / немесе көрсете алатындығы туралы мәлімдемелер.

# 4 оқу-әдістемелік Тулкит бағдарлама және EQF бойынша оқыту нәтижелерімен, Дублин дескрипторларымен және басқа да бенчмаркинг референттерімен сындарлы түрде келісілген оқытудың SMART нәтижелерін қалай тұжырымдау керектігіне шолу жасайды.

4 қадам. Бағалау әдістерін әзірлеу

Бағалау әдістерін әзірлеу кезінде оқытушылар олардың оқыту нәтижелерімен сәйкестігін, сондай-ақ НУ-дегі бағдарлама бойынша бағалауға деген көзқарасымен және Бағалау стратегиясымен үйлесімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Бағалау студенттерге оқу нәтижелеріне жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік беруі маңызды. # 2 және # 6 оқу-әдістемелік Тулкиттері бағалау әдістерін жасауда және кері байланыс беруде пайдалы болуы мүмкін.

5 қадам. Курстың мазмұнын әзірлеу

Курстың мазмұны бенчмаркинг қағидаларын ескере отырып әзірленуі тиіс (мысалы, аккредитациялық талаптар, оқу деңгейі мен пән дескрипторлары ескеріледі). Курстың мазмұнын әзірлеу кезінде келесі сұрақтарды қарастыруға болады:

  • Бұл оқу материалы оқу нәтижелеріне жетуге қалай ықпал етеді?
  • Бағалау мен оқыту әдістері курс мазмұнымен келісілген бе?
  • Курс белсенді оқытуға ықпал ете ме? Курстың мазмұны тек халықаралық кейстерді ғана емес, жергілікті контекстті де ескере ме?
6 қадам. Оқу және оқытушылық қызметті жоспарлаңыз

Оқу және оқыту әдістерін таңдағанда, олардың төмендегілерге сәйкестігіне көз жеткізіңіз:

Курсты әзірлеу кезінде студенттердің жүктемесін ескеріңіз, ол ECTS моделіне сәйкес келуі тиіс. Оқу жүктемесі дегеніміз - студенттерге барлық тапсырмалар мен оқу іс-шараларын орындауға, оқу нәтижелеріне қол жеткізуге кететін уақыт.

Бір ECTS студенттің 25-30 сағаттық жұмысына сәйкес келеді (оқытушы мен студенттің өзара әрекеттесу, бағытталған және тәуелсіз оқу іс-әрекеті сағаттарын қосқанда, бұл ретте салыстырмалы пропорциялар курстың түрі мен деңгейіне байланысты өзгереді). Бұл туралы толығырақ # 5 оқу-әдістемелік тулкитінен оқыңыз.

   
7 қадам. Сапаны қамтамасыз ету және жақсарту тетіктерін қарастырыңыз

Курстың сапасын қамтамасыз ету және үнемі жақсарту үшін стратегияларды жоспарлаңыз. Бұл курсты әзірлеуге және шолуға ішкі және сыртқы мүдделі тараптардың кеңінен қатысуын қамтиды.

Өзгерістерге әкелуі мүмкін курстың жыл сайынғы мониторингі курстарды өткізу сапасын қолдау мен жақсартуда пайдалы болады. Жыл сайынғы мониторинг процесі туралы көбірек біліңіз.

Курсты бекіту рәсімі:
  1. Курс спецификациясының нысаны бағдарлама жетекшісінің / кафедра меңгерушісінің қарауына жіберілуі тиіс;
  2. Курстың құжаттамасын оқу және оқыту жөніндегі Мектеп комитеті / немесе осыған ұқсас орган мақұлдауы керек;
  3. Барлық қатысушы тараптар жаңа курс туралы немесе енгізілген өзгерістер туралы хабардар болуы тиіс.