ЖЫЛ САЙЫНҒЫ МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ МЕРЗІМДІ ШОЛУ

"Оқу орындары қойылған мақсаттарға қол жеткізуді және студенттер мен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес келуді қамтамасыз ету үшін бағдарламаларға мониторинг және мерзімді шолу жүргізуі тиіс. Осы шолудың нәтижелері бағдарламалардың үнемі жақсаруына әкелуі керек..." (ESG, Стандарт 1.9)
Жыл сайынғы мониторингі және мерзімді шолуы - бұл ESG стандарттарына сәйкес келетін және ағдарламалардың жыл сайынғы мониторингін және академиялық процестерге мерзімді шолу жүргізу қағидаларымен реттелетін сапаны жақсартудың негізгі процестері. Бұл процестер студенттерге үздік білім беру тәжірибесін қамтамасыз ету мақсатында деректерді талдауға бағытталған.
НУ академиялық қоғамдастығына курсты / бағдарламаны одан әрі жетілдіру мүмкіндіктерін анықтауға ғана емес, сонымен қатар кең тарату үшін оқытушылық тәжірибенің негізгі жетістіктерін анықтауға назар аудару ұсынылады.
Үздіксіз бола отырып, бұл үдеріс алдыңғы циклде анықталған мәселелерге жауап ретінде қабылданған іс-әрекеттердің тиімділігін бақылауға ықпал етеді. Бұл уақтылы шаралар қабылдауға және олардың әсерін бақылауға көмектеседі.
Жыл сайынғы мониторинг есептері барлық мүдделі тараптарға, соның ішінде студенттерге, мектептердің немесе кафедралардың веб-сайттары арқылы немесе кері байланыс циклін жабуды қамтамасыз ететін басқа да байланыс құралдары арқылы қолжетімді болуы тиіс.
Осы рефлексия үрдісінде оқытушыларды қолдауға арналған үлгілер төменде келтірілген. Таңдалған рәсімдер мен нысандар тек Университеттің мүдделі тараптары үшін қолжетімді екенін ескеріңіз.
Жыл сайынғы курс мониторингі бойынша есеп нысанын жүктеп алыңыз.
Бағдарламаның жыл сайынғы мониторингі бойынша есеп нысанын жүктеп алыңыз.
Мектептің жыл сайынғы мониторингі бойынша есеп нысанын жүктеп алыңыз.
Осы жылға арналған бақылау үдерісінің кестесін ұстаныңыз.
Университеттің сапасын арттыру жоспары (САЖ) жыл сайынғы мониторинг үдерісінің іргетасы болып табылады. Ол барлық институционалдық деңгейлердегі мазмұнды талқылауларға негізделген және әр түрлі деректерді мұқият талдауға негізделген мектептердің сапасын жақсарту туралы жыл сайынғы есептерден тұрады.
Жоспар сапаны арттырудың негізгі бағыттарын анықтайды және университетте одан әрі тарату үшін оқыту мен бағалаудың үздік моделінің мысалдарын анықтайды.
Жоспар оқытушылар, студенттер және қызметкерлердің үздіксіз сапаны арттыру мәдениетін қалыптастырудағы ынтымақтастығына ықпал ететін орта құруға бағытталған.
НУ сапасын арттыру жоспарлары
Сапаны арттырудың қолданыстағы жоспары сапаны арттырудың мынадай бағыттарын айқындайды:
- 1-cала. Бағалау тәжірибесін жетілдіруді қолдау – НУ сапаны арттыру тақырыбы;
- 2-сала. Оқыту мен білім беру инфрақұрылымын жетілдіру;
- 3-сала. Бағдарлама сапасын арттыруды қолдау мақсатында мүдделі тараптардың қатысуын күшейту.
Қосымша ақпарат алу үшін жоспармен танысыңыз.
2026–2027 жылдарға арналған Жоспар келесі жетілдіру бағыттарын айқындайды:
- 1-cала. Жасанды интеллектіні оқыту мен білім беру үдерісіне интеграциялау – НУ сапаны арттыру тақырыбы;
- 2-сала. Ішкі кәсіби даму арқылы оқыту сапасын арттыру;
- 3-сала. Академиялық табысты қамтамасыз ету үшін студенттерді қолдау тетіктерін күшейту.
Қосымша ақпарат алу үшін жоспармен танысыңыз.
Жыл сайын Назарбаев Университеттің академиялық қауымдастығы белгілі бір педагогикалық/бағалау тәсіліне назар аударатын және білім беруді жүзеге асыру мен студенттердің оқу нәтижелерінің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған НУ сапаны арттыру тақырыбын іске асыруға ынталандырылады.
НУ сапаны арттыру тақырыбы (2025-2026 жылдары іске асыру үшін. 2026 жылы есеп беру)
Университет бағалау тәжірибесін жетілдіруді, әсіресе Оқыту нәтижелерін қамтамасыз ету (Assurance of Learning, AoL) бағытын белсенді түрде қолдайды. Академиялық қауымдастыққа Білім алушылардың оқу нәтижелеріне қол жеткізуін дәлелдеу жөніндегі нұсқаулықты, кейбір мектептерде қалыптасқан AoL бойынша үздік тәжірибелерді, сондай-ақ мақсатты кәсіби даму (PD) тренингтерін пайдалану ұсынылады. Бұл оқу нәтижелерімен үйлестірілген (constructively aligned) білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, өлшенетін оқу нәтижелерін анықтауға, үйлестірілген және шынайы бағалау құралдарын жобалауға, сондай-ақ студенттердің жетістіктері туралы дәлелдерді жүйелі түрде жинау мен талдауға мүмкіндік береді.
Бұл үдеріс пәндер мен білім беру бағдарламалары деңгейінде оқыту мен білім беруді үздіксіз жетілдіруге ықпал етеді. AoL қағидаттарын оқу бағдарламаларын әзірлеу және қайта қарау үдерістеріне енгізу арқылы біз академиялық бағдарламалардың өзектілігін, нәтижеге бағытталуын және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеміз. Бұл есептілік, ашықтық және академиялық үздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Мерзімді шолу әр мектепке белгілі бір уақыт аралығында бағдарламаларға енгізілген өзгерістердің әсерін бағалауды ұсынады. Әр мектеп бес жылдық негізде мерзімді шолудан өтеді (бұл мектептің аккредиттеу кестесіне байланысты өзгеруі мүмкін).
Мерзімді шолу оқу мен оқытудың сапасын және олардың НУ-дың халықаралық практикалары мен стандарттары және саясаттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған (НУ-дың академиялық сапа тұжырымдамасына және ESG стандарттарына сәйкес). Мерзімді шолу сыртқы және ішкі стейкхолдерлердің сыни бағалауына, студенттердің өзін-өзі тексеру мен кері байланысына негізделген және жыл сайынғы бағдарлама мониторингінің нәтижелері бойынша жүргізілген бағдарлама модификацияларының жинақтаушы әсерін бағалайды.
Бұл студенттердің бағдарлама бойынша жоспарланған оқу нәтижелеріне және НУ түлегінің атрибуттарына қаншалықты қол жеткізгенін бақылауға мүмкіндік беретін пайдалы процесс. Сонымен қатар, мерзімді шолу студенттердің оқудағы ғылыми-интеграцияланған тәсілді зерттеуге және қолдануға қатысу дәрежесін, ОПҚ, кітапхана, IT және басқа ресурстардың жеткіліктілігін, оның ішінде студенттерге қолдау көрсетуге, қолайлы білім беру ортасын құруға және жоғары сапалы академиялық бағдарламаларды ұсынуға бағытталған ресурстарды бағалайды. Мерзімді шолу туралы толығырақ ақпарат алу үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз.
Мерзімді шолу циклін аяқтаған алғашқы Мектеп Жоғары білім беру мектебі (ЖББМ) болды. Өзін-өзі бағалау бойынша есепті тапсырғаннан кейін Мерзімді шолу жөніндегі институционалдық кеңестің (МШИК) екі күндік сапары өтті. Мерзімді шолу нәтижесінде Академиялық кеңес (АК) 2025 жылғы сәуірде МШИК есебін, ЖББМ-нің іс-әрекеттер жоспарын, сондай-ақ Іс-шаралар жоспарын бекітті. ЖББМ бір жыл ішінде АК-ға Іс-әрекеттер мен іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы есеп береді деп күтілуде.

