СТУДЕНТТЕРДІ ТАРТУ
“Оқу орындары студенттерді оқыту үдерісін бірлесіп құруда белсенді рөл атқаруға ынталандыратын білім беру бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз етуге тиіс …”
(ESG, Стандарт 1.3)
Біз студенттерге бағытталған академиялық мәдениетті қалыптастыруға және студенттерге өз әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолайлы орта құруға ұмтыламыз. Біз студенттерімізді келесі үдерістерге тартуға тырысамыз:
- Жаңа бағдарламалар мен енгізілген өзгерістерді бекіту;
- Бағдарламаның жыл сайынғы мониторингі;
- Сыртқы шолу;
- Академиялық мәселелер жөніндегі комитеттерге қатысу.
Бұл бейнеде Камилла Маматова (2017-2018 ж. ж. студенттер үкіметінің президенті) академиялық мәселелер жөніндегі институционалды комитеттерде студенттердің өкілі ретіндегі тәжірибесімен бөліседі.
Студенттермен кері байланыс
НУ студенттерден кері байланыс алудың түрлі құралдарын, соның ішінде курстарды бағалау бойынша сауалнамаларды және студенттердің комитеттерде өкілдік ету механизмдерін қолданады.