Академиялық сапа

БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ БЕКІТУ

Бағдарламаны құрылымдалған және жан-жақты көп деңгейлі шолу мектепке бағдарлама жобасын аяқтауға және құжаттың жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл диаграмма процесті көрсетеді.

НУ оқытушылары бағдарлама жобасын әзірлеу және бекіту үшін келесі әрекеттерді орындай алады.

1 қадам. Бағдарлама жобасын алдын ала талқылау

Бағдарлама жобасының тұжырымдамасы және оның негіздемесі академиялық мәселелер жөніндегі вице-деканмен, деканмен және бағдарламаны іске асыруды қолдауды қамтамасыз ету үшін (бюджеттік және басқа ресурстарды қоса алғанда) бағдарламаны әзірлегенге дейін тиісті жоғары буын басшыларымен талқылануы тиіс. Барлық жаңа академиялық бағдарламалар НУ миссиясы мен стратегиясымен, зерттеу саласындағы басымдықтармен келісіліп, ұлттық үміттерге сәйкес келуі керек.

2 қадам. Бағдарлама жобасын әзірлеу

Бағдарлама жобасы бағдарлама жетекшілерімен және бағдарламаны іске асыруға қатысатын оқытушылармен ынтымақтастықта, Қаржы департаментімен, қабылдау департаментімен, маркетинг бөлімімен және басқа да ішкі мүдделі тараптармен (кітапханашылар, ақпараттық-технологиялық қызметтер), студенттер өкілдерімен және сыртқы мүдделі тараптармен (әлеуетті жұмыс берушілер, осы саладағы сыртқы рецензенттер мен сарапшылар) кеңесіп әзірленуі тиіс.

Бағдарлама бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін келесі саясаттар мен құжаттар қолданылады (Таңдалған рәсімдер мен нысандар тек Университеттің мүдделі тараптары үшін қолжетімді екенін ескеріңіз):

Бағдарламаны бағалаудың келесі өлшемшарттары бағдарламаны әзірлеу процесінде бағдар ретінде пайдаланылуы мүмкін:

  • НУ Стратегиясына, Миссиясына және ішкі саясатына сәйкестігі;
  • НУ түлегінің атрибуттарына қол жеткізуді қолдау;
  • халықаралық бенчмаркинг қағидаларына сәйкестік (Еуропалық біліктілік шеңбері (EQF), Дублиндік дескрипторлар, пәндік дескрипторлар, аккредиттеу агенттіктерінің немесе кәсіби қауымдастықтардың талаптары, ECTS модельдері);
  • өлшенетін және EQF деңгейіне сәйкес келетін бағдарламаның нақты мақсаттары мен оқу нәтижелері;
  • НУ түлегінің атрибуттарымен, оқыту мақсаттары мен нәтижелерімен, бағдарламалар мен курстармен, сондай-ақ оқу, оқыту және бағалау әдістерімен сындарлы келісілген оқу жоспары;
  • студентке бағытталған бағдарлама мазмұны, сондай-ақ оқыту және бағалау стратегиясы;
  • ғылыми-интеграцияланған оқыту;
  • заманауи технологияларды пайдалана отырып оқыту;
  • оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді қолдау үшін оқудың, оқытудың және бағалаудың тиімді стратегиялары;
  • интернационалдандырылған және инклюзивті оқу бағдарламасы;
  • бағдарламаны жетілдіру туралы хабардар ететін студенттермен кері байланыс тетіктері;
  • сапаны қамтамасыз ету және арттыру тетіктері;
  • бағдарламаны іске асыру үшін жеткілікті ресурстардың (профессор-оқытушылар құрамы, ақпараттық технологиялар, кітапхана ресурстары, студенттерді қолдау) болуы.
3 қадам. Оқу және оқыту мәселелері бойынша Мектеп комитетінің бағдарламаны талқылауы

Бағдарлама жобасы бағдарламаның мектеп миссиясына сәйкестігін және қажетті ресурстардың, қаржы мен инфрақұрылымның болуын алқалық талқылау және тексеру үшін оқу және оқыту мәселелері жөніндегі Мектеп комитетіне ұсынылуы тиіс.

4 қадам. Бағдарламаның сыртқы шолуы

Академиялық процестерге сыртқы шолу саясатына сәйкес бағдарламаның әрбір жобасы танылған және жетекші халықаралық университеттің (стратегиялық әріптестерді қоса алғанда) немесе тиісті саладағы сарапшының сыртқы бағалауынан өтуі тиіс. Бағалау нәтижелері бойынша бағдарламаның жобасы алынған ұсынымдарға (егер қажет болса) сәйкес келтірілуі тиіс.

5 қадам. Академиялық сапа мәселелері жөніндегі комитеттің бағдарламаны талқылауы

Академиялық сапа мәселелері жөніндегі комитет мүшелері бағдарламаны талқылағанға дейін құжатты, бағдарламаның институционалдық саясаттар мен рәсімдерге сәйкестігіне көз жеткізу үшін, академиялық сапа мәселелері жөніндегі команданың алдын ала қарауы үшін жіберуге болады (academicquality@nu.edu.kz).

Комитеттің әртүрлі құрамы бағдарламаға жан-жақты алқалы шолу жасауға мүмкіндік береді. Комитет бағдарламаны Академиялық кеңестің бекітуіне ұсынады немесе құжатты бағдарлама басшысына пысықтауға қайтарады.

Бағдарлама жобасы мен қажетті құжаттар Комитет хатшысына aqc@nu.edu.kz электронды поштаға жіберілуі тиіс.

Қажетті құжаттар пакеті

  • Бағдарлама жобасы (Word форматында). Академиялық бағдарламаны бекітуге арналған форма осында қолжетімді;

PDF форматындағы келесі құжаттардың (жеке файлдар) қол қойылған және сканерленген көшірмелері:

  • Бағдарлама жобасын сыртқы сараптамалық бағалау;
  • Бағдарлама жобасы талқыланған оқу және оқыту мәселелері жөніндегі Мектеп комитеті отырысының хаттамасы;
  • Бағдарламаны қолдау үшін мектеп деканының ресми хаты. Ол бағдарламаның негіздемесін, жоғары сапалы бағдарламаны ұсыну үшін педагог кадрлардың және басқа да ресурстардың (ақпараттық технологиялар, кітапхана ресурстары, зертханалар және басқа да жабдықтар) болуын көрсете алады.
6 қадам. Академиялық кеңестің бағдарламаны талқылауы

Бағдарламаны Академиялық сапа мәселелері жөніндегі комитеттің ұсынымдарына сәйкес келтіргеннен кейін құжат Академиялық Кеңестің хатшысына ac@nu.edu.kz электрондық поштасына жіберіледі. Қосымша ақпарат алу үшін осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.

Бағдарлама бекітілгеннен кейін бағдарламаны ашу үшін тиісті іс-шаралар қабылдануы тиіс.