Академиялық сапа жөніндегі комитет

Академиялық сапа жөніндегі комитет

АКАДЕМИЯЛЫҚ САПА ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Академиялық сапа жөніндегі комитет - университеттегі академиялық стандарттарды және білім сапасын қамтамасыз етуін мен арттыруын қадағалайтын Академиялық кеңестің консультативтік-кеңесші органы.

Академиялық сапа жөніндегі комитет туралы ереже мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Функциялары
  • Академиялық кеңеске жаңа академиялық бағдарламалар бойынша ұсыныстарды бекіту және қолданымдағы бағдарламаларды қайта бекіту немесе алып тастау бойынша ұсынымдар беру;
  • Академиялық бағдарламаларының жыл сайынғы мониторингін, осы процестің нәтижелерін қарау және басқаруын бақылау;
  • Сапаны арттырудың жылдық жоспары (NUQEP) арқылы институционалдық сапаны арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және ұсыну;
  • Мектептерге ұсыныстар беру;
  • Бағдарламаны дайындауға, талдауға және іске асыруға студенттердің қатысуын қамтамасыз ету;
  • Оқытылатын бағдарламалардың сыртқы бағалауы мен кезеңдік ішкі бағалау нәтижелері мен тиімділігін бақылау;
  • Білім беру мен оқытудың сапасын арттыру бойынша сапаны қамтамасыз ету процесстерін қолданудан туындайтын шараларды анықтау және алға тарту;
  • Мектептер ұсынатын кредиттік емес курстардың дамуын және өткізілуін бақылау;
  • Академиялық кеңесте академиялық сапаны қамтамасыз ету және арттыру мәселелері бойынша есеп беру;
  • Университеттің сапаны қамтамасыз ету және арттыру жөніндегі сыртқы ұйымдармен өзара әрекеттесуін қолдау;
  • Университетте сапаны арттырудың айқындалған, алдын-ала келісілген тақырыптарды алға тарту;
  • Комитет жұмысы барысында анықталған сапаны қамтамасыз ету мен арттырудың озық тәжірибесін тарату.
Құрамы және қазіргі мүшелер
  • Комитеттің төрағасы, институционалдық тиімділіктің бас директоры – Дункан Пристли;
  • Төрағаның орынбасары – бекітуге жатады;
  • Басқарманың бір өкілі – Луис Рохас Солорзано, жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша Ассоциацияланған Провост;
  • ОПҚ Сенатының бір өкілі – Севат Эрискен;
  • Әр Мектептен бір өкіл: Ахан Алмагамбетов (SEDS), Сайед Али (SOM), Пейман Пурафшари (SMG), Майкл Джонсон (CPS), Джейсон Ли Спаркс (GSE), Риккардо Пелиццо (GSPP), Дженифер Льюис (GSB), Андрей Фильченко (SSH);
  • Бір бакалавриат және бір магистратура мен докторантура студенттерінің өкілдері – қазіргі уақытта Әлия Досниязова және Джоржд Сиав.

Бақылаушылар

  • Оқыту мен оқытудағы инновациялар орталығының бас директоры – Элейн Шарплин
  • Арнайы оқу қажеттіліктері жөніндегі комитет төрағасы – Эрик Венте
Жылдық есеп

Оқу жылының соңында Академиялық сапа жөніндегі комитет өз қызметінің жыл сайынғы шолуын ұсынады. 2022-2023 оқу жылының жылдық есебімен таныс болу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Байланыс

Комитеттің қарауына ұсыныс енгізу үшін қолдау тобына мына электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: aqc@nu.edu.kz