Академиялық кеңес

Академиялық кеңес

АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕС

Академиялық кеңес оқыту, білім беру және басқа да академиялық қызметке байланысты іс-шаралар саласында атқарушы және директивалық орган болып табылады. Академиялық кеңестің отырыстары аптасына бір рет өткізіледі.

Академиялық кеңестің келесі комитеттері бар:

  • Білім беру және оқыту жөніндегі комитет
  • Академиялық сапа жөніндегі комитет
  • Аккредиттеудегі консультациялар жөніндегі комитет
  • Кітапхана комитеті
  • Ақпараттық технологиялар жөніндегі комитет
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар жөніндегі комитет

Академиялық кеңес туралы ереже мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Функциялары
  • Бакалавриат, магистратура және докторантураға қабылдау, ауыстыру және аяқтау стандарттарын алдын ала бекіту;
  • Оқу бағдарламаларын жасау, жою немесе оларға мәнді өзгерістер енгізу;
  • Академиялық және академиялық қызметке байланысты құрылымдық бөлімшелердің жұмысын бақылау және қағидаттарын бекіту;
  • Оқу процесін ұйымдастыру бойынша Университеттің ішкі құжаттары мен қағидаларын, Университеттің Мектептері мен басқа да академиялық бөлімшелерінің оқу процесі кестесін, үдерістерін, жыл сайынғы жұмыс жоспарларын, нормаларды, іс-шараларды өткізу жоспарларын, студенттердің үлгерімін бағалауды, сондай-ақ оларға байланысты басқа да кұжаттарды бекіту;
  • Университеттің академиялық сапасын арттыру бойынша жылдық жоспарларын бекітуді қоса алғанда, академиялық сапасын қамтамасыз ету және арттыру және білім беру және оқыту бойынша іс-шаралар мен рәсімдерін реттейтін саясаттарын және құжаттарын қарау және бекіту;
  • Академиялық және академиялық емес тәртіп бұзушылықтардың стандарттары мен терминологиялық базасын әзірлеу мен бекіту және студенттерге, оқытушылар құрамына және басқа да оқу персоналына қатысты тәртіптік жазаны қолдану іс-шаралары мен рәсімдерін әзірлеу;
  • Ұлттық наградалар, құрметті академиялық дәрежелер және басқа да кәсіби марапаттар алуға академиялық қызметкерлердің кандидатураларын ұсыну;
  • Мектептерді, орталықтарды, институттарды, зертханаларды, кітапханалар мен мұражайларды құруға, таратуға немесе қайта ұйымдастыру қатысты ұсынымдар беру;
  • Оқыту, ғылыми зерттеу және басқару мәселелері бойынша Академиялық кеңеспен консультациялар жүргізу және өзара іс-қимылдарды келісу;
  • Әкімшілік департаменттер мен басқармалар үшін бөлімшелерді, әкімшілік департаменттер мен кадрлық құрылымдарды құруға қатысты консультациялар мен ұсынымдар беру;
  • Оқытушыларды және академиялық қызметкерлерді жалдау, тұрақтандыру, жұмыстан босату, көтермелеу, лауазымын төмендету стандарттарын, оқытушы-профессорлар құрамының жұмыс жүктемесі саясатын шолу және бекіту;
  • Университеттің стратегиясын қайта қарауға қатысу және консультациялар беру;
  • Академиялық мәселелер бойынша стратегиялық серіктестермен келісімдерді шолу және консультациялар беру;
  • Академиялық ірі мәмілелер бойынша Президент пен Басқарушы Кеңеске консультациялар мен ұсынымдар беру.
Құрамы және қазіргі мүшелер
  • Академиялық кеңестің төрағасы – Илесанми Адесида, Атқарушы президент
  • Төрағаның орынбасары – Лоретта О’Доннелл, Академиялық мәселелер жөніндегі вице-провост
  • Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент – Қадиша Даирова
  • Медицина жөніндегі вице-президент, NUSOM деканы - Массимо Пиньятелли
  • Ғылыми зерттеу жөніндегі вице-провост - Честер Яблонски
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша Ассоциацияланған Провост - Луис Рохас
  • Университет Мектептерінің декандары: Рэнди Хазлетт (SMG), Гонсало Ортелано (SSH), Роберт Доблер (CPS), Венг Тат Хуй (GSPP), Патрик Дюпарк (GSB), Аида Сағынтаева (GSE)
  • Студенттік үлгерім жөніндегі бас директоры және Регистратор – Ребекка Картер
  • Бас ақпарат директоры – Крис Хендли
  • Білім беру және оқытудағы инновациялар орталығының бас директоры – Элейн Шарплин
  • Институционалдық тиімділік жөніндегі қауымдастырылған директор – Айжан Мусина
  • ОПҚ Сенатының төрағасы – Майкл Льюис
  • ОПҚ Сенаты төрағасының орынбасары – Томас Дьюк
  • Бакалавриат және магистратура мен докторантура студенттерінің өкілдері – қазіргі уақытта Ерасыл Кадиржанов және Эбенезер Йебоа Овусу
Байланыс

Академиялық кеңес отырыстарына материалдарды дайындаудың егжей-тегжейлі тәсілі осы жерде сипатталған. Егер сіз Кеңеске құжат тапсырғыңыз келсе, осы нұсқаулықты ұстаныңыз. Академиялық кеңес хатшысымен  academiccouncil@nu.edu.kz электронды пошта арқылы байланыса аласыз.