АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ
Адалдық - бұл Назарбаев Университетінің негізгі, таптырмас және анықтаушы құндылығы. Біз барлық іс-әрекеттерде адалдықтың жоғары стандарттарын сақтауға тырысамыз: еңбекке негізделген студенттерді оқуға қабылдау процесі және үлгерімі; халықаралық стандарттарды көрсететін бағалау практикасы; қызметкерлерді жалдау, бағалау және жоғарылату кезіндегі әділ және бейтарап тәжірибелер және т.б.

Біз тәртіптік, академиялық және ғылыми бұзушылықтарға мүлдем төзбейміз. НУ-да академиялық адалдық стандарттары Студенттердің мінез-құлық кодексі мен тәртіптік рәсімдеріне сәйкес сақталады және орындалады.
Адалдық пен этика қағидалары мен процедуралары оқытушы-профессорлар құрамына арналған саясаты және процедураларына сәйкес сақталады.
Біздің веб-сайтымызда академиялық бұзылулардың болдырмауына оқытушылар-профессорлар құрамына арналған нұсқаулық қолжетімді.


-
«Барлық іс-шараларда жоғары дәрежедегі адалдық пен еңбекке негізделген тәсілді байқауға болады, бұл өз кезегінде жоғары стандарттар қоюдың кілті болып табылады» (EUA IEP институционалдық бағалау туралы есеп, 2017 ж);
-
«... команда өзінің кезекті сапары барысында НУ-дың миссиясы мен брендінде адалдықтың маңызды рөл атқаратындығын тағы да белгілеп кетті» (EUA IEP кейінгі институционалдық бағалау туралы есеп, 2019 ж).
НУ-дағы этикалық стандарттарды қадағалауды Ғылыми кеңестің тұрақты органы – Ғылыми зерттеулердің институционалдық әдеп комитеті (IREC) жүзеге асырады. IREC туралы толығырақ оқыңыз.
НУ студенттер қауымдастығы арасында адалдық қағидаларын насихаттауға арналған Integrity жобасының веб-сайтына қолжеткізу үшін мына сілтемені басыңыз.