Cтуденттер өкілдерімен кездесу
2023 жылдың 29 қыркүйегінде Академиялық сапаны жақсарту командасы (АСЖ) студенттермен «студенттер өкілінің рөлі мен функциялары» тақырыбында ақпараттық сессия өткізді. Сессия барысында студенттерге өкілдердің негізгі функционалдық міндеттері мен студенттерден эффективті кері байланыстың негізгі принциптері жайлы ақпарат берілді. Студенттер өз тәжірибелерімен бөлісуге және теңдестірілген пікірлер жазуға мүмкіндік алды.
2023 жылдың 3 қарашасында Академиялық сапаны жақсарту командасы (АСЖ) студенттердің өкілдеріне арналған «студенттермен кері байланыс» тақырыбында ақпараттық сессия ұйымдастырды. Сессия барысында, студенттер өткен кездесулердің негізгі сәттерін қайталап, НУ курстарды бағалау бойынша сауалнамалар туралы ақпарат алды. АСЖ командасы мен студенттік ұйымдардың өкілдері студенттердің сауалнамаға жауап беру санын көбейту идеяларын ми шабуылы барысында талқылады.
АСЖ қызметі туралы көбірек білу үшін nu_academic_quality Instagram парақшасына тіркеліңіз.