AAC NU-да бағдарлама аккредитациясын басқарады
2021 жылдан бері Академиялық кеңестің жанында жұмыс істейтін Аккредиттеудегі консультациялар жөніндегі комитет (Accreditation Advisory Committee, AAC) бағдарламалық аккредиттеудің жалпы бағытын басқарады және университетте деректер мен тәжірибе алмасуға жәрдемдеседі.
Комитеттің жұмысы мен барысы туралы AAC-ның 2021-2022 жылдарға арналған жылдық есебінде оқи аласыз.
Сондай-ақ Комитет туралы жаңартылған Ережені қараңыз.
Комитет барлық NU Мектептерінің, сондай-ақ студенттер қауымының дауысын білдіреді.
Қазіргі уақытта AAC келесі мүшелерден тұрады:
- Дункан Пристли, Институционалдық тиімділік жөніндегі бас директор – Төраға;
- Дженнифер Льюис, Академиялық мәселелер жөніндегі деканның орынбасары (GSB) – Төраға орынбасары;
- Риккардо Пелиццо, Академиялық мәселелер жөніндегі деканның орынбасары (GSPP);
- Лоренс Кинселла, Пән бастығы (CPS);
- Ахан Алмағамбетов, Қауымдастырылған профессор (SEDS);
- Сайед Али, Академиялық және студенттік мәселелер жөніндегі деканның орынбасары (NUSOM);
- Насер Мадани, Қауымдастырылған профессор (SMG);
- Антон Десятников, Бөлім бастығы (SSH);
- Али Айт Си Мхамед, Қауымдастырылған профессор (GSE);
- Амуссу Коффи Адоко, Қауымдастырылған профессор (ОПҚ Сенатының өкілі);
- Темірлан Мүсілімбек, бакалавриат студенттерінің өкілі;
- Гүлнұр Мақұлбаева, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру студенттерінің өкілі.
Егер сіз Комитет жұмысына үлес қосқыңыз келсе, AAC мүшелерімен немесе қолдау тобымен байланысыңыз.