Білім беру және оқыту

АКАДЕМИЯЛЫҚ КОМИТЕТТЕР

Академиялық кеңес
Білім беру және оқыту жөніндегі комитет
Академиялық сапа жөніндегі комитет
Аккредиттеудегі консультациялар жөніндегі комитет

Академиялық кеңес оқыту, білім беру және басқа да академиялық қызметке байланысты іс-шаралар саласында атқарушы және директивалық орган болып табылады. Академиялық кеңестің отырыстары аптасына бір рет өткізіледі.

 

Академиялық кеңес жанынан келесі комитеттер жұмыс істейді:

  • Білім беру және оқыту жөніндегі комитет
  • Академиялық сапа жөніндегі комитет
  • Аккредиттеудегі консультациялар жөніндегі комитет
  • Кітапхана комитеті
  • Ақпараттық технологиялар жөніндегі комитет
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар жөніндегі комитет

Функциялары
  • Бакалавриат, магистратура және докторантураға қабылдау, ауыстыру және аяқтау стандарттарын алдын ала бекіту;
  • Оқу бағдарламаларын жасау, жою немесе оларға мәнді өзгерістер енгізу;
  • Академиялық және академиялық қызметке байланысты құрылымдық бөлімшелердің жұмысын бақылау және қағидаттарын бекіту;
  • Оқу процесін ұйымдастыру бойынша Университеттің ішкі құжаттары мен қағидаларын, Университеттің Мектептері мен басқа да академиялық бөлімшелерінің оқу процесі кестесін, үдерістерін, жыл сайынғы жұмыс жоспарларын, нормаларды, іс-шараларды өткізу жоспарларын, студенттердің үлгерімін бағалауды, сондай-ақ оларға байланысты басқа да кұжаттарды бекіту;
  • Университеттің академиялық сапасын аттыру бойынша жылдық жоспарларын бекітуді қоса алғанда, академиялық сапасын қамтамасыз ету және аттыру және білім беру және оқыту бойынша іс-шаралар мен рәсімдерін реттейтін саясаттарын және құжаттарын қарау және бекіту;
  • Академиялық және академиялық емес тәртіп бұзушылықтардың стандарттары мен терминологиялық базасын әзірлеу мен бекіту және студенттерге, оқытушылар құрамына және басқа да оқу персоналына қатысты тәртіптік жазаны қолдану іс-шаралары мен рәсімдерін әзірлеу;
  • Ұлттық наградалар, құрметті академиялық дәрежелер және басқа да кәсіби марапаттар алуға академиялық қызметкерлердің кандидатураларын ұсыну;
  • Мектептерді, орталықтарды, институттарды, зертханаларды, кітапханалар мен мұражайларды құруға, таратуға немесе қайта ұйымдастыру қатысты ұсынымдар беру;
  • Оқыту, ғылыми зерттеу және басқару мәселелері бойынша Ғылыми Кеңеспен консультациялар жүргізу және өзара іс-қимылдарды келісу;
  • Әкімшілік департаменттер мен басқармалар үшін бөлімшелерді, әкімшілік департаменттер мен мен кадрлық құрылымдарды құруға қатысты консультациялар мен ұсынымдар беру;
  • Оқытушыларды және академиялық қызметкерлерді жалдау, тұрақтандыру, жұмыстан босату, көтермелеу, лауазымын төмендету стандарттарын, оқытушы-профессорлар құрамының жұмыс жүктемесі саясатын шолу және бекіту;
  • Университеттің стратегиясын қайта қарауға қатысу және консультациялар беру;
  • Академиялық мәселелер бойынша стратегиялық серіктестермен келісімдерді шолу және консультациялар беру;
  • Академиялық ірі мәмілелер бойынша Президент пен Басқарушы Кеңеске консультациялар мен ұсынымдар беру.

Құрамы және қазіргі мүшелер

Дауыс беру мүшелері:

  • Президент – Шигео Катсу
  • Провост – Академиялық Кеңестің төрағасы – Илесанми Адесида
  • Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент – Қадиша Даирова
  • Академиялық мәселелер жөніндегі вице-провост – Лоретта О’Доннелл
  • Өндірістік тарту жөніндегі вице-провост – Vassilios Tourassis (декан, SEDS)
  • Университет Мектептерінің декандары: Рэнди Хазлетт (SMG), Даниэль Пью (SSH), Роберт Дойблер (CPS), Массимо Пигнателли (SOM), Венг Тат Хуй (GSPP), Патрик Дюпарк (GSB), Аида Сағынтаева (GSE)
  • Студенттік үлгерім жөніндегі бас директоры және Регистратор – Ребекка Картер
  • ОПҚ Сенатының төрағасы – Стефани Корвин
  • ОПҚ Сенаты төрағасының орынбасары – Прашант Джамвал
  • ОПҚ Сенатының өкілі – Ольга Мексина-Быкова
  • Бакалавриат және магистратура мен докторантура студенттерінің өкілдері – қазіргі уақытта Арман Райкүл және Бакуова Нуржанна

Дауыс беру құқығы жоқ қатысушылар:

  • Атқарушы вице-президент – Арғын Қыпшақов
  • Бас заң кеңесші – Роза Нұрғожаева
  • Инновациялар жөніндегі вице-президент – Ерден Құсайын
  • Өмір туралы ғылымдар орталығының бас директоры
  • Ұлттық медициналық холдингтің басқарма кеңесінің төрағасы

Байланысу

Академиялық Кеңес отырыстарына материалдарды дайындаудың егжей-тегжейлі тәсілі осы жерде сипатталған. Егер сіз Кеңеске құжат тапсырғыңыз келсе, осы нұсқаулықты ұстаныңыз. Академиялық Кеңес хатшысымен  academiccouncil@nu.edu.kz электронды пошта арқылы байланыса аласыз.

Білім беру және оқыту жөніндегі комитет Назарбаев Университетінің оқыту және білім беру саласындағы стратегиясына, жылдық институционалдық жоспарына, озық тәжірибенің айқындалуына, таратылуына және танылуына бақылауды жүзеге асыратын, сондай-ақ осы саладағы стратегия мен практиканы дамытудың көзі болып табылатын Академиялық кеңестің кеңесші органы.

 

Функциялары
  • Университеттің миссиясына сәйкес білім беру және оқыту стратегиясын анықтау және жылдық жоспарын құру;
  • Университеттің білім беру және оқыту жөніндегі бастамаларын басқару;
  • Университетте білім беру және оқыту жөнінде айқындалған, алдын-ала келісілген тақырыптарды алға тарту;
  • Білім беру және оқыту қағидаттары мен нормативтерін қалыптастыру және тарату;
  • Білім беру және оқытудың озық тәжірибесін айқындау, тарату және таңылуына қол жеткізу;
  • Университеттің білім беру және оқыту тәжірибесі туралы қалың бұқараны ақпараттандыру;
  • Мектептерден білім беру және оқыту туралы жыл сайын есеп алу және Мектептер мен Университеттің басқа да органдарына тиісті нұсқаулар беруді қамтамасыз ету;
  • Академиялық кеңеске және Университеттің тиісті комитеттеріне білім беру және оқыту туралы кезеңдік есептерді дайындау.

Құрамы және қазіргі мүшелер
  • Академиялық істер жөніндегі вице-провост – комитет төрағасы – Лоретта О’Доннелл
  • Институционалдық тиімділіктің бас директоры – Данкан Пристли
  • Студенттік үлгерім жөніндегі бас директоры және Регистратор – Ребекка Картер
  • Университеттің әр Мектебінен декандардың академиялық істер жөніндегі орынбасарлары немесе декандары ұсынған басқа тұлғалар: Массимо Пигнателли (SOM), Филипп Эннс (SSH), Джейсон Спаркс (GSE), Колин Нокс (GSPP), Элизабет Архангельский (SEDS), Дженнифер Льюис (GSB), Саффет Ягиз (SMG), Уоррен Рокко (CPS)
  • Студенттік үкіметтің екі өкілі: біреуі бакалаврлар мүлдесін, екіншісі магистрант және докторанттардың мүлделерін білдіреді – қазіргі уақытта Зарина Байдалинова және Бақытжан Құрманов

Байланысу

Комитеттің қарауына ұсыныс енгізу үшін қолдау тобына мына электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: ltc@nu.edu.kz

Академиялық сапа жөніндегі комитет - университеттегі академиялық стандарттарды және білім сапасын қамтамасыз етуін мен арттыруын қадағалайтын Академиялық кеңестің консультативтік-кеңесші органы.

 
Функциялары
  • Академиялық кеңеске жаңа академиялық бағдарламалар бойынша ұсыныстарды бекіту және қолданымдағы бағдарламаларды қайта бекіту немесе алып тастау бойынша ұсынымдар беру;
  • Академиялық бағдарламаларының жыл сайынғы мониторингін, осы процестің нәтижелерін қарау және басқаруын бақылау;
  • Сапаны арттырудың жылдық жоспары (NUQEP) арқылы институционалдық сапаны арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және ұсыну;
  • Мектептерге ұсыныстар беру;
  • Бағдарламаны дайындауға, талдауға және іске асыруға студенттердің қатысуын қамтамасыз ету;
  • Оқытылатын бағдарламалардың сыртқы бағалауы мен кезеңдік ішкі бағалау нәтижелері мен тиімділігін бақылау;
  • Білім беру мен оқытудың сапасын арттыру бойынша сапаны қамтамасыз ету процесстерін қолданудан туындайтын шараларды анықтау және алға тарту;
  • Мектептер ұсынатын кредиттік емес курстардың дамуын және өткізілуін бақылау;
  • Академиялық Кеңесте академиялық сапаны қамтамасыз ету және арттыру мәселелері бойынша есеп беру;
  • Университеттің сапаны қамтамасыз ету және арттыру жөніндегі сыртқы ұйымдармен өзара әрекеттесуін қолдау;
  • Университетте сапаны арттырудың айқындалған, алдын-ала келісілген тақырыптарды алға тарту;
  • Комитет жұмысы барысында анықталған сапаны қамтамасыз ету мен арттырудың озық тәжірибесін тарату.
Құрамы және қазіргі мүшелер
  • Комитеттің төрағасы, институционалдық тиімділіктің бас директоры – Данкан Пристли
  • Төрағаның орынбасары – Филипп Эннс (SSH)
  • Басқарманың бір өкілі – Честер Яблонски, жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша Ассоциацияланған Провост
  • ОПҚ Сенатының бір өкілі – Стефани Корвин
  • Әр Мектептен бір өкіл: Христос Спитас (SEDS), Сайед Али (SOM), Саффет Ягиз (SMG), Уоррен Томас Рокко (CPS), Джейсон Ли Спаркс (GSE), Колин Нокс (GSPP), Венкат Субраманиан (GSB)
  • Бір бакалавриат және бір магистратура мен докторантура студенттерінің өкілдері – қазіргі уақытта Арман Ли және Владислав Мун
Байланысу
Комитеттің қарауына ұсыныс енгізу үшін қолдау тобына мына электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: aqc@nu.edu.kz

Аккредиттеудегі консультациялар жөніндегі комитет Академиялық кеңеске институционалдық аккредиттеумен және тиісті институционалдық бастамалармен байланысты Университеттің стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша консультация беретін тұрақты жұмыс істейтін органы болып табылады. Комитет жалпы бағытқа басшылықты жүзеге асырады және бағдарламалық аккредиттеуге қолдау көрсетеді.

 
Функциялары
  • Аккредиттеумен және тиісті институционалдық бастамалармен байланысты мақсаттар мен іс-шараларды қоса алғанда, институционалдық стратегияны іске асыру;
  • Аккредиттеуге және тиісті институционалдық бастамаларға қатысты мәселелер бойынша Университетте деректер мен тәжірибе алмасуға жәрдемдесу үшін жауапты болу;
  • Тиісті аккредиттеу агенттіктерінің талаптарын сақтау үшін қажетті институционалдық іс-шараларға қатысты Академиялық кеңес пен Университеттің басшылығына консультациялар мен ұсынымдар беру;
  • Нұсқаулықтар беру және қолдау көрсету, сондай-ақ бағдарламалық аккредиттеуге өтінімдер беру жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізу;
  • Аккредиттеумен және тиісті институционалдық бастамалармен байланысты кәсіби дамуда әкімшілік қызметкерлерге және оқытушы-профессорлар құрамына (ОПҚ) консультация беру және қолдау көрсету;
  • Аккредиттеу процесіне және тиісті институционалдық бастамаларға университеттік қоғамдастықты хабардар ету және тарту.
Құрамы және қазіргі мүшелер
  • Академиялық кеңестің атынан ұсынылған Комитет төрағасы – Данкан Пристли, Институционалдық тиімділіктің бас директоры;
  • Провост офисінен бір өкіл – Фелли Читенг Кот, Институционалдық зерттеулер және талдаулар басшысы;
  • ОПҚ Сенатының бір өкілі – Ареш Дадлани
  • Әр Мектептен бір өкіл: Дженифер Льюис (GSB), Ахан Алмагамбетов (SEDS), Сайед Али (SOM), Манхал Сират (SMG), Лоренс Кинселла (CPS), Али Айт Си Мхамед (GSE), Колин Нокс (GSPP), Весселин Паунов (SSH).
Байланысу
Комитеттің қарауына ұсыныс енгізу үшін қолдау тобына мына электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: accreditation@nu.edu.kz