Академиялық сапа туралы

Академиялық сапа туралы

АКАДЕМИЯЛЫҚ САПА ТУРАЛЫ

Академиялық сапаны жақсарту командасы (АСЖ) 2014 жылы II стратегиялық мақсатқа - Академиялық басымдыққа қол жеткізуді қолдау үшін институционалдық күш-жігерді басқару және үйлестіру үшін құрылды. Біз студенттерді институционалдық тәжірибе орталығына орналастыра отырып, академиялық сапаның институционалдық тұжырымдамасын имплементациялау және сапаны үздіксіз арттыру мәдениетін қалыптастыруға ұмтыламыз.

АСЖ қағидалар және функциялары
Академиялық сапа тұжырымдамасы
АСЖ командасы
Байланыс ақпараттары

Сапаның институционалдық жүйесін құруда бенчмаркин бағдарлары ретінде біз Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде сапаға кепілдік беру стандарттары мен ұсынымдарын (ESG) пайдаланамыз және озық тәжірибені және жоғары білім берудегі ағымдағы үдерістерді ұстанамыз.

 

Қағидалар

 

Біз келесі қағидаларды ұстанамыз:

  • Сапаның институционалдық құрылымын басқаруға құрылымдалған және дәйекті көзқарас;
  • Сапаны қамтамасыз ету және арттыру үдерістерінің теңгерімді интеграциясы;
  • Сапаны арттыру жөніндегі бастамаларды басқару үшін орталықсыздандыру және бағдарлама басшыларының құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту;
  • Ақпараттандырылған шешім қабылдау;
  • Академиялық сапа мәселелерін талқылауға сыртқы және ішкі мүдделі тараптардың кеңінен қатысуы;
  • Сапаны үнемі арттыру және қолданыстағы үдерістерді бақылау.

AСЖ функциялары

 

  • Академиялық сапаны қолдайтын саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу;
  • Жұмысты басқару және Университеттің Академиялық сапа тұжырымдамасы мен тиісті рәсімдердің орындалуын бақылау;
  • Сапа мәселелері бойынша құзыретті консультациялық қолдау көрсету;
  • Академиялық бағдарламаларға өзгерістер енгізуді үйлестіру;
  • Университетте академиялық сапа мәдениетінің таралуына ықпал ету.

Осы міндеттерді орындау барысында біз Академиялық кеңеспен және оның комитеттерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз.

Университеттің Академиялық сапа тұжырымдамасы - бұл сапаны қамтамасыз ету стандарттарын орнатуға және қолдауға институционалдық көзқарасты сипаттайтын, сондай-ақ барлық деңгейлерде сапаны арттыруға ықпал ететін негізгі құжат.

НУ Академиялық қауымдастығын қолдау үшін, Тұжырымдама келесі бағыттар бойынша басшылықты ұсынады:

 
  • Бағдарламаларды бекіту;
  • Бағдарламалардың жыл сайынғы мониторингі;
  • Студенттерді тарту;
  • Сыртқы шолу;
  • Мерзімді шолу.

Тұжырымдама келесілерге бағытталған

 
  • НУ сапаны қамтамасыз ету және арттыру үдерістерін ESG стандарттарына, халықаралық өлшемшарттарға, сондай-ақ ұлттық және институционалдық императивтерге сәйкес келтіру;
  • Жетілдіруді және озық тәжірибені талап ететін салаларды анықтау мақсатында сыни шолу үшін сапаны басқарудың институционалдық құрылымдары мен тетіктерін ұсыну;
  • Қоғамның сапа стандарттарына сенімін нығайтуға және НУ сапасын арттыруға жәрдемдесу;
  • Оқытудың, оқудың және бағалаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету.

Академиялық сапа тұжырымдамасының әр компоненті туралы көбірек білу үшін оның жеке веб-сайтына кіріңіз.

Бұл вебсайт Назарбаев Университетінің таңдалған ішкі саясаты мен ережелеріне ашық қолжетімділікті ұсынады. Таңдалған рәсімдер мен нысандар тек Университеттің мүдделі тараптары үшін қолжетімді екенін ескеріңіз.

Алия Сулейменова |  Академиялық сапаны арттыру координаторы

Пошта: aliya.suleimenova@nu.edu.kz

Телефон: + 7 (7172) 70 90 50

 

Әлия Сүлейменова жаңа және өзгертілген академиялық бағдарламалардың жобаларын қарайды, академиялық бағдарламалардың мониторинг процесін үйлестіреді және академиялық қоғамдастыққа оқыту сапасын арттыру рәсімдеріне қатысты консультациялық қолдау көрсетеді. Ол Британдық Колумбия Университетінде (Канада) Білім беру саласындағы басқару магистрі дәрежесін, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих магистрі дәрежесін және тарих ғылымдарының бакалавры дәрежесін алды. 2018 жылы Халықаралық сапаны қамтамасыз ету бағдарламасынан өтті (QAA, Ұлыбритания). Брайтон Университетінің докторлық бағдарламалар колледжінде Erasmus бағдарламасына қатысты.

 

Aйганым Ибрахимова |Академиялық сапаны арттыру жөніндегі менеджері

Пошта: aiganym.ibrakhimova@nu.edu.kz

Телефон: + 7 (7172) 70  46 17

 

Айғаным Ибрахимова академиялық сапаны арттырудың институционалдық тұжырымдамасын іске асыруға жедел қолдау көрсетеді. Ол студенттер өкілдері үшін кері байланыс жасай отырып, оларға қолдау көрсетеді және ақпараттық сессиялар ұйымдастырады. Айғаным Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Екі шет тілі» мамандығы бойынша білім беру бакалавры дәрежесіне ие және Квинсленд университетінің (Австралия) оқу ғылымы бойынша білім магистрі. Оқу барысында ол "Дамушы елдердегі бастауыш мектебінің ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби дамуы" тақырыбында зерттеумен айналысты.

Біз сізге көмектесу үшін осындамыз!

 

Академиялық сапа мәселелеріне қатысты кез-келген салада қандай да бір мәселелеріңіз немесе сұрақтарыңыз бар болса, бізге хабарлаңыз. Біз сізге көмектесуге қуаныштымыз.

 

Орналасқан жері: C2 блогы, 4052-кеңсе (4-қабат)

Телефон: + 7 (7172) 70 90 50

Электрондық пошта: academicquality@nu.edu.kz