ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ТИІМДІЛІК ҰЖЫМЫ ТУРАЛЫ

Біздің ұжым
Данкан Пристли | Институционалдық тиімділіктің бас директоры
Эл. пошта: duncan.priestley@nu.edu.kz
Тел: + 7 (7172) 70 90 51
Доктор Данкан Пристли Назарбаев Университетіне 2013 жылдың қазан айында Провост Офисінде академиялық сапаны арттыру бөлімінің бастығы қызметіне кірді. Қазіргі уақытта ол сапаны қамтамасыз ету мен арттыруды, институционалдық зерттеулерді және институционалдық бағалауды / аккредиттеуді қоса алғанда, институционалдық тиімділікке жауапты. Сонымен қатар ол Инженерия Мектебінде деканның білім беру және оқыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Оның академиялық біліктілігіне Ливерпуль университетінің геология саласындағы бакалавриат (үздік дипломы), Халл университетінің білім беру саласындағы магистратура және акустикалық океанография саласындағы докторантура кіреді. Ұлыбританиядағы университеттер мен әскери-теңіз академияларында жиырма жыл жұмыс істегеннен кейін, ол үш жыл Абу-Дабиде БАӘ теңіз академиясында деканының орынбасары болып жұмыс істеді.
Доктор Пристли Плимут Университетінің Океанографиялық зерттеулер мен білім беру орталығының негізін қалаушы мүшесі болды және оның ғылыми зерттеулері акустиканың таяз мұхиттағы қолданылуына бағытталған. Соңғы зерттеулер атмосфералық және океанографиялық өзгергіштіктің Араб шығанағы мен Оман шығанағындағы сонарлық және радиолокациялық таралуына әсерін зерттеді. Оның ғылыми қызығушылықтары сонымен қатар халықаралық жоғары білім беру мен оқыту және академиялық сапаны қамтиды.
Айжан Мусина | Институционалдық тиімділік жөніндегі директор
Эл. пошта: amussina@nu.edu.kz
Тел: + 7 (7172) 70 61 36

Мэттью Кортни, Ph.D. | Институционалдық зерттеулер басшысы
Email: matthew.courtney@nu.edu.kz
Phone number: + 7 (7172) 70 90 18
Доктор Кортни - Жаңа Зеландиядан келген білім беруді бағалау бойынша сарапшы, психометрик және статистикалық бағдарламалық құралды әзірлеуші маман. Оның докторлық диссертациясы бүкіл Австралазия бойынша халықаралық университет студенттерінің табыстылығын және олардың сәтті аяқталуын анықтайтын факторларды анықтауға арналған. Докторлық дәрежесін алғаннан кейін ол екі жыл бойы Окленд университетінде білім беру факультетінің сандық деректерді талдау ғылыми-зерттеу бөлімінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Осыдан кейін ол Мельбурн университетінің бағалау зерттеу орталығында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Соңғы үш жарым жыл ішінде ол Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебінде Ассистент профессор болып жұмыс атқарды. Доктор Кортни студенттерді оқыту, бағалау, статистикалық бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және оқу бағдарламаларын бағалау саласында көп жарияланды және Орталық Азияда институционалдық зерттеулерді ілгертуге және тиімділікті арттыруға өз үлесін қосуға міндеттенеді.

Айгерім Байкенова | Деректер бойынша аға үйлестіруші
Эл. пошта: aigerim.baikenova@nu.edu.kz
Тел: + 7 (7172) 70 90 18
Айгерім Байкенова Провост Офисіндегі ИЗТ тобында деректер бойынша аға үйлестіруші болып қызмет етеді. Ол компьютерлік ғылымдар бойынша бакалавр деңгейін Казақстан Британ Техникалық университеті және ИТ менеджмент саласында магистр дәрежесін Ноттингем Университенінен алды. Деректерді есеп беру координаторы статистикалық зерттеулер, деректер жинағы, инфографика және ақпараттық панельдер арқылы Университеттің ресми статистикасын дайындау және жариялауға міндетті. Айгерім сонымен қатар дерекқорлардан керекті деректі шығарып, ИЗТ талдаушыларына әрі қарай зерттеу үшін деректерді өңдеп беруге міндетті.

Жақыбаева Әсел |Деректер талдаушысы
Эл. пошта: assel.zhakibayeva@nu.edu.kz
Тел: + 7 (7172) 70 89 69
Жақыбаева Әсел Провост офисінің Институционалдық тиімділік тобында деректер талдаушысы қызметін атқарады. Деректер талдаушысы ретінде Әсел Назарбаев Университетінде деректерге негізделген академиялық шешімдер қабылдауды қолдау мақсатында аналитикалық зерттеулер жүргізуге жауапты.
Әсел Лондон империалық колледжінің қолданбалы экология магистрі дәрежесін алды. Оның Қазақстан Республикасының орта білім беру деңгейінде және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру орталығы» филиалынындағы негізгі және жоғары мектептің «Биология» пәні бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын, әдістемелік пен оқу әдебиеттерін әзірлеу және жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар. Ол сонымен қатар Қазақстанда TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеуді енгізу және студенттерді оқу жетістіктерін талдау бойынша жұмыс жасады.

Диана Калеменева | Сауалнама үйлестірушісі
Эл. пошта: diana.kalemeneva@nu.edu.kz
Тел: +7 (7172) 70-58-78
Диана Калеменева университеттің талапкерлерге, студенттерге, түлектерге және қызметкерлерге арналған стратегиялық сауалнамаларын әзірлеу, іске асыру және бақылау үдерісін үйлестіреді.
Ол институционалдық сауалнамалар күнтізбесін жүргізеді, әкімшілік бөлімшелерден келіп түсетін сауалнама ұсыныстарын қарайды және олардың ішкі саясат пен стратегиялық басымдықтарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Диана сандық және сапалық деректерді талдайды, есептер дайындайды және университет көлемінде сауалнама тәжірибесінің сапасын арттыруға арналған ресурстар мен нұсқаулықтар әзірлейді. Сонымен қатар, ол сауалнамаларды реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады және сауалнамаларды тиімді құрастыру мен талдау бойынша материалдарды жинақтап, оқыту семинарларын өткізу арқылы институционалдық әлеуетті нығайтуға үлес қосады.
Диана - сауалнамаларды келісу, олардың өткізілу мерзімдері және есептерді дайындау бойынша байланыс тұлғасы.

Алия Сулейменова жаңа және өзгертілген академиялық бағдарламалардың жобаларын қарайды, академиялық бағдарламалардың мониторинг процесін үйлестіреді және академиялық қоғамдастыққа оқыту сапасын арттыру рәсімдеріне қатысты консультациялық қолдау көрсетеді. Ол Британдық Колумбия Университетінде (Канада) Білім беру саласындағы басқару магистрі дәрежесін, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих магистрі дәрежесін және тарих ғылымдарының бакалавры дәрежесін алды. 2018 жылы Халықаралық сапаны қамтамасыз ету бағдарламасынан өтті (QAA, Ұлыбритания). Брайтон Университетінің докторлық бағдарламалар колледжінде Erasmus бағдарламасына қатысты.

Әлия Тускеева | Академиялық сапаны арттыру менеджері
Пошта: aliya.tuskeyeva@nu.edu.kz
Телефон: +7 (7172) 70 26 58