Студенттер өкілдерімен кездесу
2025 жылғы 3 қарашада негізгі студент өкілдері «Курс бағалау сауалнамалары және студенттердің кері байланысы» тақырыбындағы оқыту сессиясына қатысты. Сессияның мақсаты – студенттердің кері байланысының негізгі құрамдас бөліктерімен (ABCD моделі) таныстыру және үздіксіз сапаны жақсарту үдерісінің бір бөлігі ретінде курс бағалау сауалнамасын толтырудың маңыздылығын атап көрсету болды. Сессия барысында студенттер өлшенбейтін (сапалық) кері байланыс ұғымын талқылап, ABCD моделі арқылы кері байланыс жазуды тәжірибеден өткізді.
AQE бөлімінің қызметі туралы көбірек білу үшін бізге Instagram (@nu_academic_quality) парақшасында жазылыңыз.

