Жаңалықтар

Студенттер өкілдерімен кездесу

IMG_7706 (1)

2025 жылғы 21 сәуірде Академиялық сапа жақсарту команда студенттер өкілдері үшін қорытынды тренинг өткізді. Тренинг барысында студенттер өткен тақырыптарды талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті және студенттер өкілінің рөліне қатысты негізгі идеяларды атап өтті. Сессияның интерактивті форматы студенттерге белсенді қатысып, конструктивті диалог жүргізуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, Академиялық сапа жақсарту команда студенттер өкілдеріне 2024–2025 оқу жылында өткен тренингтерге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, арнайы сертификаттар табыстады.

Академиялық сапа жақсарту команданың қызметі туралы көбірек білу үшін nu_academic_quality Instagram парақшамызға жазылыңыз.