Республикалық II Институционалдық зерттеулер форумы
SDU University Назарбаев Университеті мен KIMEP университетімен бірлесе отырып, "Жоғары білім беруде шешім қабылдауды жетілдіру үшін Институционалдық зерттеулер деректерін пайдалану" тақырабында республикалық II Институционалды зерттеулер форумын өткізді. Бұл форум Назарбаев Университетінде 2019 жылы өткен I Интституционалдық зерттеулер форумында басталған талқылауларды жалғастырып, алдыңғы семинарлардың тақырыбын кеңейтті.
Бұл форум университеттердің ішкі деректерін оқу сапасын арттыру, жоспарлауды ақпараттандыру және шешім қабылдау процестерін қолдау үшін пайдалануға арналған. Форум қатысушылары институционалды зерттеулердегі жаңа үрдістерді, мәселелерді, үздік тәжірибелерді және студенттердің оқуға қабылданғаннан бастап бітіргенге дейінгі нәтижелерін мониторингтеудің негізгі қағидаттарын зерттеді.
Форум екі сессиядан тұрды: панельдік талқылау және практикалық семинар. Панельдік талқылау кезінде спикерлер институционалды зерттеулер саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Практикалық семинар институционалды сауалнамалар үшін SurveyMonkey және Qualtrics сияқты компьютерлік бағдарламалар мен қосымшаларды, деректерді басқару үшін Microsoft Excel және есеп беруге арналған RMarkdown сияқты ашық жүйелерді пайдалануды қамтитын сессиялардан тұрды. Сондай-ақ университеттер тарапынан сандық жүйелерді қолдану және институционалды зерттеулерді университет стратегиясына енгізу тақырыптары бойынша дөңгелек үстел талқылауы ұйымдастырылды.