Жаңалықтар

QAA аккредиттеу командасы НУ-ға келді

1313

9-11 қыркүйекте Назарбаев Университеті Халықаралық сапаны шолу аясында Ұлыбританияның жоғары білім беру сапасын бақылау агенттігінің (UK QAA) сарапшыларын қарсы алды. Бұл сапар НУ-дың институционалдық аккредиттеу жолындағы маңызды қадамын білдіреді.

Үш күндік сапар барысында халықаралық сарапшылар тобы НУ-дың ESG стандарттарына сәйкестігін бағалау үшін НУ студенттерімен, профессорларымен және жұмыскерлерімен кездесіп, Университеттің сапа жүйесіне, оқу мен оқыту тәсілдеріне, студенттерді қолдау қызметтеріне және инфрақұрылымға баға берді.

Институционалдық тиімділік жөніндегі бас директор, доктор Дункан Пристли бұл процестің маңыздылығына тоқталып: «Біз жетістікке жетіп, институционалдық аккредиттеудің марапатын алған жағдайда, біздің сапа жүйеміз, білім беру бағдарламалары, инфрақұрылым және студенттерді қолдау қызметтері халықаралық стандарттарға және ең жақсы тәжірибеге сәйкес келетінін көрсететін болады».