NU тәжірибесімен бөлісу | Қазақстандағы университеттерге арналған екі күндік семинар
Институционалдық тиімділік ұжымы 2022 жылдың 26 және 27 қыркүйегінде NU тәжірибесімен бөлісу аясында қазақстандағы университеттердің өкілдері үшін академиялық бағдарламаны әзірлеу бойынша екі күндік семинар өткізді.
Семинардың интерактивті сессиялары бағдарламаны жобалау принциптерін, конструктивті теңестіруді және оқу нәтижелерін дайындауды қамтыды.
Семинар қорытындысы бойынша А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Астана медицина университетінің және Еуразия гуманитарлық институтының оқытушы-профессорлық құрамы келесі пікірлер қалдырды:
"Семинар ұйымдастырушыларына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Барлығы өте құрылымды, қолжетімді, мазмұнды, түсінікті болды. Осы семинардан кейін медицина факультетінің студенттерін оқыту мен бағалауды әртараптандыру туралы көптеген идеялар пайда болды. Сізге көп рахмет! Алдағы істеріңізге сәттілік тілеймін!».
"Семинар өте жоғары деңгейде өтті, бұрын білетін тақырыптар болса да өз ойымызды жинақтауға септігі тиді. Ұйымдастырушыларға ерекше алғыс білдіремін!"
«Бұл қажетті ақпаратты көбірек адамдармен бөлісу керек!»