НУ сапаны арттыру жоспары 2024-2025
Біз 2024-2025 жылдарға арналған НУ сапаны арттыру жоспарының (Жоспар) 17 сәуір 2024 жылы Академиялық кеңеспен бекітілгені туралы хабарлауға қуаныштымыз. Жоспар жыл сайынғы мектеп мониторингі есептеріне және Академиялық сапа жөніндегі комитетінің одан әрі талқылауларына негізделген. 2024-2025 жылдарға арналған жоспарда ерекше назар келесі бағыттарға аударылады:
- Жасанды интеллект (AI) арқылы этикалық және тиімді оқытуды қолдау;
- Практикалық бағалауды күшейту;
- Сапалы академиялық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру үшін профессор-оқытушылар құрамын тиісті ресурстармен қамтамасыз ету.
НУ-дың 2024-2025 оқу жылына арналған сапаны жақсарту тақырыбы «Жасанды интеллект (AI) арқылы этикалық және тиімді білім беруді қолдау».