НУ сапаны арттыру жоспары 2022
Біз барлық профессор-оқытушылар құрамына академиялық бағдарламалардың жыл сайынғы мониторингіне және олардың оқыту мен бағалау тәжірибесін көрсетуге қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Біз жыл сайынғы мониторингтің негізгі құжаты болып табылатын НУ сапаны арттыру жоспарының (САЖ) бекітілгенін хабарлауға қуаныштымыз. САЖ мектептердің академиялық сапаны жақсарту туралы жыл сайынғы есептері мен Академиялық сапа жөніндегі комитетінің талқылаулары негізінде әзірленеді.
Жоспармен, сапаны жақсартудың жаңа бағыттарымен және келесі мониторинг циклі туралы мәліметтермен (кесте) таныс болу үшін осы сілтемеге өтіңіз.
Сұрақтар бойынша academicquality@nu.edu.kz электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.