Дүниежүзілік банк жобасы: бастауыш сынып мұғалімдерге білім беруді арттыру
Назарбаев Университеті Хаме қолданбалы ғылымдар университетімен (HAMK) және JAMK қолданбалы ғылымдар университетімен (Финляндия) бірлесіп, Дүниежүзілік банктің білім беруді жаңғырту жобасын жүзеге асыруға қатысуда. Осы жоба аясында 2021 жылдың 4-8 қазанында Институционалдық тиімділік ұжымы Педагогикалық біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында қазақстандық университеттерден келген 100-ден астам делегаттарға арналған семинарларына фасилититор ретінде қатысты. Жобаның келесі кезеңі бастауыш сынып мұғалімдерге білім берудің жаңа моделі бойынша 30 педагогикалық бағдарламаны әзірлеу болып табылады.