Жаңалықтар

Академиялық бағдарламаларды дайындау: тәжірибе бөлісу

20220513_111700

2022 жылдың 12-13 мамыр аралығында институционалдық тиімділік ұжымы Назарбаев Университетінің тәжірибесімен бөлісу аясында Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің және Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік педагогикалық университетінің оқытушы-профессорлық құрамы үшін «Академиялық бағдарламаны әзірлеудің кейбір аспектілері» семинарларын өткізді.

Интерактивті сессиялар келесі тақырыптарды қамтыды:

  • Бағдарламаны жобалау принциптері мен негізгі тұжырымдамалары;
  • Оқыту нәтижелерін дайындау;
  • Бағалау әдістерін әзірлеу;
  • Оқу бағдарламасының барлық компоненттерін конструктивті үйлестіру.