Институционалдық Зерттеулер және Талдау

Қызметкерлерді Ынталандыру Сауалнамасы

Қызметкерлерді ынталандыру сауалнамасы НУ-нің академиялық, зерттеу және әкімшілік қызметкерлерінің ұйымдағы жұмыс жағдайына және ұйымдық процестерге  қанағаттанушылығын,  жұмыс орнындағы тәжірибесін бағалау үшін жүргізіледі. Бұл сауалнама нәтижелері ұйымдық мәдениетті жетілдіруге, қызметкерлердің әл-ауқатын арттыруға және жалпы көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған институционалдық стратегияларды айқындауға мүмкіндік береді.

Алғашқы 2024 жылғы Қызметкерлердің Ынталандыру Сауалнамасын Адами ресурстар департаменті мен Институционалдық зерттеулер және аналитика бөлімі бірлесіп әзірледі.

2024 жылғы қызметкерлерді ынталандыру сауалнама есебі

Осы вебсайтта (ie.nu.edu.kz) ұсынылған статистикалық деректерді халықаралық зерттеу университеті тұрғысында және НУ-дың стратегиялық мақсаттарына сәйкес қарастырған жөн. Бұл деректерді басылымдарда қолданған кезде ақпараттың бастапқы дереккөзін көрсету қажет. Егер сізде сұрақтар туындаса, сіз институционалдық зерттеу және талдау тобына ir@nu.edu.kz электрондық пошта бойынша хабарласа аласыз.